2025 жылғы вегетация кезеңінде су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңге көлемінде 310 айыппұл салынды

2025 жылғы вегетация кезеңінде су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңге көлемінде 310 айыппұл салынды

Судың «қара нарығына» қарсы күрес аясында 2025 жылғы вегетация кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейн инспекциялары су заңнамасын бұзғандарға 310 айыппұл салды. Олардың жалпы сомасы 58,3 млн теңге болды.

Былтыр суару маусымында су заңнамасын бұзғандарға 15,8 млн теңге көлемінде 188 айыппұл салынған болатын.

Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетация кезеңінде Қазақстанның оңтүстігінде төрт жұмыс тобын құрғанын еске сала кетейік. Олар өңірлерде судың әділ бөлінуін қамтамасыз етіп, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді.

«Бас прокуратураның, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен министрлік республика деңгейінде судың «қара нарығына» қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз су алу фактілеріне қарсы күресті жалғастыру алгоритмі әзірленіп жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

13.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 234
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 221

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18626
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18493
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33664
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32212
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35994