Елді есеңгіреткен қарасора тамырына балта шабу керек!

Елді есеңгіреткен қарасора  тамырына балта шабу керек!

Әлемдегі ең қауіпті қылмыстардың бірі – есірткі қолдану және тасымалдау, сату бизнесі. Қылмыс әлемінің серкелері үшін бұл табысты «бизнес көзі» болғандықтан, онымен күрес те қарқынды жүргізілуі және бір сәтке де тоқтамауы тиіс. Әрине, Қазақстан бірнеше мемлекетпен шектесетіндіктен, халықаралық есірткі тасымалы тұрғысынан өте сақтықты қажет етеді. Оның үстіне ішкі жағдайға да айрықша бақылау қажет. Өйткені есірткі өнімдерін өсірумен, өндірумен, тасымалдаумен айналысатын қылмыскерлер ел ішінде де аз емес. Сол себепті тәртіп сақшылары бұл қылмыстың алдын алуды босаңсытқан емес. 

Сөзіміз дәлелді болу үшін Түркістан облыстық Полиция Департаменті тарапынан ауыздықталған бірнеше қылмыстық оқиғаны оқырман назарына ұсынғымыз келеді. Тәртіп сақшыларының дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері облыс полицейлері есірткі еккендер, тасымалдағандар мен сатқандарға қарсы іс-қимыл шараларын күшейткен. Облысқа қарасты барлық қала, аудандарда полицейлер рейдтік-профилактикалық шараларды жүргізуде. Мәселен, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйінің ауласында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген ер-азаматты ұстады.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша, яғни «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» қылмыстық ісі қозғалды. Жедел құрылған полицейлер тобы күдіктінің ауласындағы бау-бақшасынан сора өсімдігін тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, алынған түптер 30 келіге жуық «сора» есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары тұрғынның сора есірткісін өзінің ауласында не себепті өсіргенін анықтауда.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора – 2022» жедел-профилактикалық шарасы кезінде ер адамның ауласын тінту арқылы есірткі затына ұқсас 3 түп өсімдікті тапты. Полицейлер оны айғақты зат ретінде тәркілеп, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы оның «сора» есірткісі екендігін растады. Тәртіп сақшылары күдікті ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Анықталғандай, ер адам ауданға қарасты егістік алқаптың шетінен сіріңке қорабын тауып алған. Оның ішіндегі заттың есірткі затына ұқсас екендігін біліп, өсіру үшін арнайы үйіне алып келген. Яғни күдікті ер адам оны өзі пайдалану мақсатында ауласына еккен. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Тағы бір мысал. Созақ аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне мекемелердің бірінің басшысынан хабарлама келіп түскен. Онда оның қызметкерінің бірі есірткі затын пайдаланатынын айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан түскен «Parlament» темекісінің қорабында ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас өсімдік табылды. Сондай-ақ, оның жеке басын тінту кезінде сырт киімінің қалтасынан есірткіге ұқсас зат шықты. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «гашиш» есірткісі екендігі белгілі болды. Тәртіп сақшылары күдікті азаматтың бұған дейін де бірнеше рет сотты болғандығын анықтады. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де «Қарасора – 2022» жедел-профилактикалық шарасы кезінде тұрғынның өз ауласына есірткі өсіргендігін анықтады. Полицейлер күдікті орта жастағы ер адамның үйіне барып, оның ауласын тінту кезінде егістік алқаптан заңсыз есірткі затына ұқсас өсімдікті тапты. Сараптама нәтижесінде алынған заттың «сора» есірткісі екендігі анықталды. Күдікті ер адамның бұған дейін де Мақтаарал аудандық сотының үкімімен есірткі өсіруге байланысты сотталғандығы белгілі болды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Келесі кезекте Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Сайрам АПБ-ның полицейлері бірлесіп, аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған күдікті ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, полицияға бір азаматтың өзімен есірткі алып жүргендігі жайында ақпарат келіп түсті. Осы бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде Сайрам ауданының Ақсукент ауылында күдікті мінген «Тойота Камри» маркалы көлік тоқтатылды. Тәртіп сақшылары автокөліктегі күдікке ілінген жолаушыны тінту кезінде одан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік тектес зат табылды. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 1,2 келіден асатын «марихуана» есірткісі болып шықты. Сонымен қатар күдіктінің шартты түрде жазасын өтеп жүргені және осыған қарамастан қайта заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыс жасағаны белгілі болды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкенттік ер адам қамауға алынды. Бүгінде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. 

Жалпы алғанда, түркістандық полицейлер жарты жылда заңсыз айналымнан 500 келіге жуық есірткі затын тәркіледі. Тарқатып айтсақ, 2022 жылдың 6 айында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 157 деректі анықтады. Оның ішінде есірткі контрабандасына қатысты – 26, есірткі сатуға қатысты – 25, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 11 жайт тіркелген. 

Тыңғылықты жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде облыстағы есірткіге тәуелді тұлғалардың саны 431-ден 364-ке төмендеген. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен саябақтарға, аялдамаларға, мектептер мен ауруханаларға және т.б. қоғамдық орындарға «Есірткіге жол жоқ» және «Балаларыңызды есірткіден қорғаңыз» тақырыбында түсіндірме құралы ретінде дайындалған плакат жапсырмалары жабыстырылды. Есірткі және нашақорлыққа қарсы барлығы 38 мыңнан астам оқушы мен студент жастар қатысқан 60 профилактикалық іс-шара өткізілді. Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай 30 күнге жоспарланған акция ұйымдастырылды. Оның ішінде «Есірткісіз болашақ» акциясы, таңғы жаттығулар, велосипедшілер шеруі, полицейлердің жауынгерлік дайындығы, жастардың спорттық өнерлері, бірыңғай флешмобтар көрсетілді. Мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері арасында да есірткі бойынша марафон өтті. 

Одан бөлек маусым айының 1-інен бастап «Қарасора – 2022» атты кең ауқымды республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл бойынша тәртіп сақшыларымен қыруар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде есірткі қылмыстарын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастыру, қажетті мамандар, соңғы үлгідегі техникалар мен қызметтік-іздестіру иттерін жұмылдыру, жалпы қылмыстың жолын кесуге бағытталған жедел шаралар және жас буын өкілдерімен болатын кездесулер мен семинарларды атап өтсек болады. Облыс полицейлері әрдайым психикаға тікелей әсер етіп, одан әрі адам ағзасын құртып жіберуге әкелетін есірткі заттарына мүлдем жоламауды ескертеді.

Иә, есірткі заттарын жоюға қатысты тәртіп сақшылары тарапынан қаншама іс-әрекеттер, арнайы шаралар ұйымдастырылғанымен, қылмыстың бұл түрін түбегейлі жою мүмкін болмай отыр. Дегенмен есірткі затына қатысты қылмыс санын барынша төмендету үшін полицейлерге облысымыздың әрбір тұрғынының көмек қолын созуы өте маңызды. Сол себепті бұл істе бейтарап болмайық. Біріккен күрес кез келген қылмыстың ауыздықталуына себеп болары сөзсіз. Қауіпсіз қоғам қауіпсіз ортаны қалыптастырады.

Ш.Мекенбайұлы, Түркістан облысы
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 73
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 402
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 365
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 984

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665