Елімізде медицина саласындағы өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатыр. Соның бірі – елорда емханаларына енгізіліп жатқан Face ID технологиясы. Жағымды жаңалық туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұнда науқас адам дәрігердің қабылдауына келгенде, жұмыс үстелінде орналасқан шағын камера оның бетін сканерлейді және Damumed кешенді медициналық ақпараттық жүйесінің дерекқорымен салыстырады. Егер фотосуретте сәйкестік орнатылмаса, пациенттен eGov қосымшасына кіріп, арнайы кодты атау сұралады. Егер деректер сәйкес келмесе, қабылдау есептелмейді. Биометриялық сәйкестендіру жүйесі осы жылдың 1 қарашасында медициналық мекемеге енгізілді. Инновацияның негізгі элементтерінің бірі – қабылдау кезінде пациенттің жеке басын растау үшін Face ID технологиясын қолдану, сондай-ақ eGov мобильді қосымшасы арқылы алынған 6 таңбалы нөмір арқылы тексеруден өту мүмкіндігі. Таратылған ақпаратта мұндай жүйенің тағы бір артықшылығы пациенттердің келуі туралы есептілікті бұрмалау мүмкіндігін қоспағанда, көрсетілген медициналық қызметтерді дәл тіркеуді қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатының да, сақтандырылған азаматтар төлеген қаражаттың да мақсатсыз жұмсалуын болдырмауға көмектеседі, – делінген.
«Бұл жүйе пациенттің қауіпсіздігі тұрғысынан өзін дәлелдеді. Пациентті сәйкестендіру әлдеқайда жеңілдеді, сонымен қатар біз деректерді жеке куәлікпен салыстырамыз», – деді емхананың пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы Ақдидар Уәлиева.
Қазіргі таңда пилоттық жоба Астананың 47 емханасында қолданысқа енгізіліп үлгерген. Жыл соңына дейін елордамызда қолданысқа енгізіліп болатын жоба келер жылы қаңтардан бастап республиканың өзге аймақтарына жалпыластырылатын болады.