ЕЛОРДАДА ҰОС БАТЫРЛАРЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ «ЕСТЕЛІК ТАҚТАСЫ» АШЫЛДЫ

ЕЛОРДАДА ҰОС БАТЫРЛАРЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ «ЕСТЕЛІК ТАҚТАСЫ» АШЫЛДЫ

Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндері қарсаңында Ішкі істер министрлігінің Мемориалдық кешені ашылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, елорда әкімі Алтай Көлгінов, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, ішкі істер органдары және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ведомство қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.
Мемориалдық кешен Жеңістің 77 жылдығына орай және Отанын қорғап, ерлік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлері – қазақстандық жауынгерлердің құрметіне салынды.
“Отан үшін от кешкен бабалардың рухына қызмет жасау – әрқашан да біздің парызымыз. Толқынды толқын қуады дейді. Қазақ айтады “тұлпардың дүбірін естімеген тай арғымақ бола алмайды” деп. Сондықтан бүгінгі іс-шара – болашақ ұрпаққа үлгі. Еліміздің тыныштығын, құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті сақтауға бүкіл күш-жігерімізді саламыз”, – деді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Айта кету керек, Ұлы Отан соғысына бір жарым миллионнан астам қазақстандық қатысты, олардың жартысынан көбі майдан даласынан елге оралған жоқ. 500-дей отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанып, 124-і – “Даңқ” орденінің толық иегері болды.
“Бұны сұрапыл Ұлы Отан соғысының кезінде елі үшін, халқы үшін жанын пида еткен, өмірін қиған талай қазақ батырларына, сол Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтардың бәріне, соғыста жеңіске жету үшін тылда еңбек еткен, ерлік жасаған біздің халқымыз үшін қойылған үлкен ескерткіш деп қарастыруымыз керек деп ойлаймын”, – деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Жиналғандар мемориалға гүл шоқтарын қойып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
“Құрметті ардагерлер! Сіздер осы батыр-бабаларымыздың ерлігін ары қарай осы бейбіт өмірде жалғастырып, біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еңбек еттіңіздер. Сіздерге үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің қызметтеріңізді қазіргі саптағы полиция қызметкерлері жалғастыруда. Бұл – абыройлы қызмет”, – деп атап өтті қала әкімі Алтай Көлгінов.
Батырлардың есімі өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгілікке қалары сөзсіз.
07.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 112
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 310
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 304
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 927

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9000
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8395
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11621
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9378
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10603