«Ең кішкентай оқырман»

«Ең кішкентай оқырман»

Қазіргі уақытта еліміз балалар әдебиетіне көп көңіл бөліп жатыр. Өйткені жас ұрпақтың саламатты болып өсуінде кітаптың берер тәрбиесі зор. Кітап оқу олардың жан дүниесін нұрландыра түседі. Алайда мектеп оқулықтарында және көркем әдебиет құралдарында кездестіріп, шығармаларымен таныс болған автордың өзімен жүздесу соны әсер қалдыратыны айтпаса да түсінікті. Бұл жас оқырманның арманына арман қосып, қиялына қанат бітірері анық. 

Осы мақсатта  балалар жылын қорытындылау аясында, 2022 жылы 24 қарашада  Алматы облыстық  әмбебап  кітапханасында «Ең үздік кішкентай оқырман» атты өңірімізге белгілі балалар жазушыларымен кездесу кеші өтті.  

Кешке Алматы облысының балалар әдебиетіне қалам тартып жүрген ақын-жазушылары: Республикалық «Айгөлек» балалар журналының автор-редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Қымбат Әбілдақызы, балалар жазушысы, публицист, аудармашы Байбота Қошым-Ноғай, көрнекті қаламгер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сәуле Досжан, балалар жазушысы, «Құрмет» орденінің иегері, «Жамбыл», «Алаш» әдеби сыйлықтарының иегері Нұрдәулет Ақыш, көрнекті қаламгер, Қазақстан Журналистер сыйлығының лауреаты Сәбит Дүйсенбиев,  ақын  Кәдірбек Құныпияұлы, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы, балалар жазушысы, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Баянжүрек» баспасының директоры Арасанбай Естенов, «Ертегілер елінде» журналының директоры Махмұт Қосмамбетов сынды қаламгерлер қатысты.

Қаламгерлер жас оқырмандардың көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, жас оқырмандар ақын-жазушылар шығармашылығы бойынша өз өнерлерін көрсетті. 

Шараның негізгі мақсаты жас оқырмандарды өздері сүйіп оқитын қаламгерлермен кездесуді ұйымдастыра отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін ояту, жазушы мен оқырман арасындағы байланысты нығайту болды. 

«Ең кішкентай оқырман» атты кешке Алматы облысының оқушылары мен ұстаздары, кітапхана қызметкерлері қатысты. Кештің әрін келтірген – оқушылардың жүрекжарды тілектері мен шығармашылық өнерлері. Ұлттық құндылыққа негізделген сахналық қойылым, балалар жазушылары шығармаларынан инсценировка және монолог, өлең оқылды. Жас оқырмандардың шығармашылық қабілеттері жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, тарихын құрметтейтін, тілін қастерлейтін, салт-дәстүрін қадірлейтін, мәдениеті мен парасаты биік, ойы жүйрік, қиялы ұшқыр, сөзі ұтқыр ұрпақ тәрбиелеуге негіз болған басты бағыт деп білеміз. Сол себепті осындай жүздесулердің көп болғаны жас таланттың бүршік атуына септігін тигізетіні анық.  Кітапқұмар оқушылардың жиналуына  орай балалар басылымының жәй-күйі туралы тоқталған Дәулетбек Байтұрсынұлы «Мөлдір бұлақ» журналына жазылу туралы айтып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. 

Ғалия ТОҚАБАЕВА, кітапхана директоры
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 92
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 97
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 286
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 907

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588