Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып, облысымыздағы бірқатар аудандарда жауапты қызметтерді тізгіндеген Бақытжан Балтабекұлы Нүркенов ағамыз күні кеше мерейлі 63 жасқа толды.
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті еңбек демалысына шыққан ағамыздың шаңырағына арнайы құттықтап барып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жаптық. Ел игілігі жолында еткен еңбегіне зор алғыс білдіріп, деніне саулық тіледік.
Азаматтың қайраткерлік келбетінің кемеліне келіп, кемеріне шығар шаққа жеткен Бақытжан Балтабекұлының алдағы алуан асуларда абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімді білдіремін. Шаңырағыңыздан шаттық үзілмей, шат-шадыман ғұмыр кешіңіз.