Сарысу ауданы әкімдігінің қолдауымен 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай аудандағы кәсіпкер әйелдердің бастамасымен «Еңбегі жанған арулар» атты кәсіпкер әйелдер форумы өтті. Форумға аудандағы 120-ға жуық нәзік жанды бизнес өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев форумға қатысушыларды мерекемен құттықтап, саланы дамытуда кәсіпкер әйелдердің үлесі орасан зор екенін атап, аудандағы шағын бизнес субъектілерінің 50 пайызға жуығын әйелдер құрайтынын, аудан экономикасын ілгерлетуде нәзік жандылардың еңбегі орасан зор екенін жеткізіп, кәсіпкерліктің дамуына үлес қосқан іскер қыз-келіншектерді облыс әкімінің, аудан әкімінің Құрмет, Алғыс хаттарымен, «Сарысу ауданына еңбегі сіңген» медалімен марапаттады.
Кеште «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, қала әкімі тарапынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Кәсіпкер қыз-келіншектер бизнестің жүйелі дамуына жол ашу, төл өнімдерін ұсыну, ұлттық киімдер мен тәтті тағамдардың түр-түрімен таныстырып қана қоймай, ән салып, би билеп, түрлі өнерлерімен қонақтарды риза қылды.
Есіктен кіргеннен әсем әуен, биші қыздар, бірдей, аппақ, нәзік киінген арулар қонақтарды баурап алды.
Кешті ұйымдастырушылар кәсіпкерліктің ауыр жолы, тынымсыз еңбектің нәтижесі екенін айтып, өмір жолдарынан ролик көрсетті.