Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ұстаздар күні қарсаңында  үздік педагогтар мен білім саласының ардагерлерімен кездесті.

Жиналғандарды құттықтаған аймақ басшысы ұстаздың әрбір адам мен жалпы қоғам өміріндегі алатын орны ерекше екенін атап өтті.

«Әр адамның артында ұстаз тұрады. Сондықтан ұстаздар Тәуелсіздік тұғырында еліміздің туын желбіретті десек артық болмас. Өскелең ұрпаққа халқымыздың баға жетпес жетістігі – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әрбір қазақстандықтың басты міндеті екенін ұғындыру керек.

Ол үшін қайратты, намысшыл, рухы биік жастарды тәрбиелейтін орта керек. Ал мұнда мұғалімнің рөлі өте жоғары. Ел болашағын сезінетін, оның намысын қорғап, мемлекетіміздің туын биікке желбірететін ұл-қыздарымызды тәрбиелеп отырған – ұстаздар», – деген Е.Тоғжанов ұстаздар қауымына сіңірген еңбегі үшін алғысын білдірді.

Жиын барысында ұлттық-патриоттық тәрбие беру, педагогтардың біліктілігін арттыру және білім сапасының өзекті мәселелері талқыланды.  Саладағы жетістіктерді де сөз етті.

Мәселен, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша облыста 26 балабақша мен 6 мектеп пайдалануға берілмек. Барлығы 4,4 млрд теңгеге 14 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қосымша білім берумен оқушылардың 78,5%, ал балабақшалар 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 100% қамтылған. 814 млн теңгеге 6 ауылдық колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Колледждерде білім алуға мемлекеттік тапсырыс көлемі 5350 орынға дейін ұлғайтылды.

Сонымен қатар, өткен жылғы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша  Ақтөбе облысының құрама командасы ең үздік  олимпиадалық команда атағын иемденді.

 Облыс әкімі мектеп оқушыларының білім деңгейін арттырудың оң серпінін сақтау қажеттігін айта келе, Жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы ұстаздың рөлі жоғары екенін атап өтті.

 «Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру идеясын жүзеге асыруда білім беру жүйесі ерекше орын алады. Облыста 300 мыңға жуық бала бар – бұл облыс халқының 30 пайызы. Бұл елдің болашағы. Жаңа Қазақстанның қалыптасуын балабақша қабырғасынан бастау керек. Мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған міндет – жастарды құндылыққа бағдарлай отырып тәрбиелеу», – деді Е.Тоғжанов.

 Жиында ерекше жетістіктері мен білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ұстаздар мен ардагерлер Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің марапаттарымен, облыс әкімінің және халықаралық ұйымдардың Алғыс хаттарымен марапатталды. Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша «Ақтөбе облысының үздік мұғалімі» атағының иегері атанған 5 мұғалім 1,5 миллион теңгеден ақшалай сыйлық иеленсе,  үш мұғалім «Ақтөбе облысының құрметті мұғалімі» жүлдесіне және 900 мың теңгеден астам сыйақыға ие болды.

Барлығы 100-ден астам білім қайраткерлері әр түрлі марапаттармен наградталды.

Ақтөбе облысының баспасөз қызметі
01.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 140
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 325
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 948

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9023
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8419
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11647
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9403
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10629