Ералы Тоғжанов: Біз жастардың креативті бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз

Ералы Тоғжанов: Біз жастардың креативті бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз

Бүгін Ақтөбеде «Ақтөбе – мүмкіндіктер мекені» жастар форумы өтіп, оның аясында жастар саясатын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Форумға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Asar Ume қоғамдық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, түрлі салаларда, соның ішінде креативті индустрияда стартаптарды сәтті жүзеге асырған жас кәсіпкерлер қатысты. Өңір басшысының шақыруымен форумға қатысу үшін Ақтөбеге аралас жекпе-жектен жеңілмеген қазақстандық күрескер Шавкат Рахмонов келді.  

Талқылаудың өзекті тақырыбы Ақтөбе облысындағы креативті салаларды дамыту перспективалары болды. Облыс әкімі креативті индустрия жаңа технологиялардың және экономикалық өсу драйверінің негізгі көзі екенін атап өтті.

«Бүгінде облыста 14 пен 28 жас аралығындағы 170 мыңнан астам адам тұрады. Халықтың жалпы санынан жастардың үлесі 20 пайызға жуық. Жақында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарға арнаған үндеуінде білімге ұмтылу қажеттілігі туралы айтқанда болашақ цифрлық технологиялар мен инновацияларда екенін, жастардың қатысуымен елімізазаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасынқамтамасыз ете отырып, бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп атап көрсеткен болатынБіз осы бағытта облысымыздың дарынды жастарының бастамаларын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Е.Тоғжанов.

Ол жас ақтөбеліктер қазірдің өзінде креативті индустрияның негізгі бағыттарының бірі – IT саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті. Мәселен, Ермек Серікбай елімізде бірінші болып адам тәрізді робот жасаса, Айболат Құлатай 30-дан астам мобильді қосымша әзірлеген. Екеуі де бүгінде технологиялық компаниялардың негізін салушылар.

Креативті кластерлер қайырымдылықты дамытудың тиімді кеңістігіне айналуы мүмкін, дейді Асхат Нұрмашев. Соңғы үш жылда оның Asar Ume қоры 2700-ден астам бала тәрбиелеп отырған 440 мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз етті.

«Жақында біз «Асар жолы» жобасын жүзеге асырып, онымен барлық өңірлерді араладық. Біздің міндетіміз тек үй сатып алумен ғана шектелмейді, басты мақсат – масылдықтан құтылу, қамқорлығымыздағы жандарды кейін өздері меценаттық таныта алатындай бақуатты ету. Үй тек алғашқы қадам, сосын кәсіп ашуға, бала тәрбиесіне көмектесеміз. Айтайын дегенім, дәл Ақтөбеде «Асар жолы» жобасы бойынша рекордтық төлем болған», - деді А.Нұрмашев.

Форум аясында көптеген ұсыныстар айтылып, жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған түрлі жобалар қарастырылды.

Цифрлық технопарк құру мақсатында Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «Next Gen Aktobe» IT бірлестігі арасында екіжақты меморандумға қол қойылды.

Өңір басшысы форумға қатысушылардың назарын, әсіресе, ауылдық жерлерде жастарды жұмыспен қамту мәселесіне аударды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін келесі жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынбақ. Оны жүзеге асыру ауыл жастарын лайықты табыс деңгейі бар жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жастардың ауылдан ірі елді мекендерге кетуін тоқтатады.

«Бүгінгі басқосуымыздың басты мақсаты – түрлі салада еңбек етіп жүрген жастардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, оны жүзеге асырудың жолдарын бірлесіп іздеу. Жастық жалын неғұрлым жарқыраған, күшті болса, мемлекеттің болашағы соғұрлым күшті, қуатты, тұрақты деп білеміз. Сіздердің бастамаларыңыз бен соларды жүзеге асыру жолындағы күш-жігеріңіз тәуелсіз еліміз бен өңіріміздің дамып, өркендеуіне зор үлес қосатынына сенімдімін», – деп түйіндеді сөзін облыс әкімі Е.Тоғжанов.

 

Ақтөбе облысының баспасөз қызметі
06.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 326
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 949

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9024
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8420
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11648
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9404
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10630