Ербол Қарашөкеев өңір жастарымен кездесті

Ербол Қарашөкеев өңір жастарымен  кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі белсенді жастармен еркін форматта кездесіп, жүзеге асып жатқан жастар бағдарламалары мен жобаларды, оларды қолдау мәселелерін талқылады.

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үлкен үміт артып отыр. Ел болашағы-жастардың қолында. Жастар саясатын дамыту жөніндегі жұмыстар әрдайым облыс басшылығының назарында болуы тиіс.

Бүгінде еліміздің өңірлері арасында дарынды жастардың бәсекелесі қызу қарқын алуда.

Басты міндеттердің бірі – жас Жамбылдықтардың өңірімізде тұрақтауы үшін нақты шаралар қабылдау. Қазіргі кезде облыста сапалы білім беру, салауатты өмір салтын ұстану, жұмысқа орналастыру және кәсібилікті дамыту үшін жан-жақты шаралар қолға алынуда. Бұл тұрғыда барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, тиімді әлеуметтік сатыларды белгілеу қажет. Осы орайда алғашқы нақты қадамдар жасалуда. Денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларындағы басшылардың облыстық кадрлық резерві құрылатын болады – деп атап өтті облыс әкімі.

Облыста жастардың саны 354 мыңнан асады десек, бұл облыс халқының 29,1 пайызын құрайды. Жастардың шамамен 60 пайызы ауылда тұрады. Ауылдық елді мекендерді дамытуға, дарынды жастарға жағдай жасауға айрықша көңіл бөлінбек.

- Алдағы уақытта біз бірлесіп жаңа жұмыс орындарын құруға жұмыла әрекет етіп, жан-жақты жұмыс істеуіміз керек. Тойхана, кафе және басқа да осындай көңіл көтеру нысандарының орнына жамбылдық кәсіпкерлерді шағын және орта өндірістік кәсіпорындар ашуға шақырудамыз. Бұл жас мамандарды жұмысқа орналастыруға үлкен мүмкіндік береді, - деді Ербол Қарашөкеев.

Өз кезегінде қатысушылар да көкейдегі сауалдарын жолдап, орамды ой-ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу барысында жұмыспен қамту, қолжетімді тұрғын үй, жас кәсіпкерлерді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, ұлттық спорт түрлерін дамыту, экотуризмге қатысты мәселелері талқыланды.

Жамбыл облысы әкімдігі
20.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 77
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 273
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 894

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8972
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8366
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11592
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9350
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10576