Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес

Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында сұхбат берді. Сұхбат барысында ол Елтаңбаны ауыстыру бастамасына қатысты ойын жеткізді.

Ерлан Қариннің айтуынша, Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Елтаңбаны ауыстыруға қатысты әртүрлі пікірдің айтылатындығын, егер қажет болса, комиссия құрып талқылау қажеттігін, оң шешім қабылданса, байқау жариялау керектігін»  айтқан.

«Мемлекет басшысы Елтаңбаны міндетті түрде ауыстыру керек деген пікір айтқан жоқ. Өкінішке орай, көпшілігі мәлімдемені дұрыс қарамайды, оқымайды, тыңдамайды. Шын мәнісінде, Президент ол жерде қоғамда кейбір азаматтың Елтаңбаға қатысты әртүрлі пікір айтып жүргенін, мәселеге қатысты ұстаным қалыптасса, онда ашық түрде талқылау» керектігі туралы пікір айтты», – дейді Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қариннің сөзінше, Елтаңбаны ауыстыру мәселесін қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар, Ұлттық құрылтайдың бірқатар мүшесі көтерген.

«Әлеуметтік желіден көріп жүрмін. «Барлық шаруа қалғандай, енді Мемлекеттік елтаңбаны ауыстыру мәселесімен айналысып жатыр» деген сынды пікірлер бар. Мұның бәрі жай сөз. Барлық мәселені ысырып қойып, Елтаңбаны ауыстыру мәселесімен айналысып жатқан ешкім жоқ. Атыраудағы құрылтай өткеннен бері біраз уақыт өтті. Ешқандай талқылау, жиын өтпеді, арнайы шешім, құжат қабылданған жоқ. Пікірталас қалай жүріп жатыр, солай жүріп жатыр. Ол – тек қана пікір. Болды. Сондықтан да бұл билік тарапынан жасалып жатқан арнайы жұмыс емес. Бұл – қоғамдағы пікірталастың бір көрінісі ғана. Мәселен, Мемлекеттік кеңесшінің қызметін қарайтын болсаңыз, көптеген комиссияның жұмысын үйлестірумен айналысамын. Оның бірі – гералдика мәселесі. Егер мемлекет, билік кейбіреулер айтып жүргендей бәрін ысырып қойып, Елтаңбаны ауыстыру мәселесімен айналысатын болса, онда мен міндетті түрде гералдика бойынша комиссия отырысын өткізіп, осы мәселені ортаға салар едім. Жоқ, онымен айналысып жатқанымыз жоқ», – деді Мемлекеттік кеңесші.

 

30.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 50
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 24
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 13
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 16
СОЗАҚТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 210 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 21

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1516
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7552
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11429
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7591
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7751