Тәуелсіздік тарихы тек жоғары билік пен бұйрық арқылы жазылмайды. Тарих ең алдымен елдің мәдениетімен, ұлттық болмыс-бітімімен, ынтымаққа берік, достыққа адал қарапайым адамдарының елеусіз еңбегімен де жазылады. Адами капитал – басты құндылық. Нұр-Сұлтан қаласының барлық ұйым-мекемелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде қаланың тыныс-тіршілігі қамтамасыз етіледі. Әр еңбек адамы елдің дамуына үлесін қосады. Олардың да еңбегі еленіп, марапатқа марқайып, қуануға қақысы бар.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елорданың медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтер, инженерлер, машинистер және тағы да басқа қарапайым еңбек адамдары мемлекеттік наградаларға ие болды.