«EURO - 2024», күт бізді!

«EURO - 2024», күт бізді!

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде сегізінші ойынын өткізді. Ойын Хельсинкидегі «Олимпьяштадион» стадионында өтті. Бірінші таймда Роберт Тейлор соққан голдың арқасында Финляндия алға шықты. Үзілістен кейін қазақстандықтар алдымен пенальтиді дәл орындаған Бактиер Зайнутдиновтың күшімен есепті теңестірді, ал кездесудің 89-минутында Рамазан Оразовтың бұрыштама добынан кейін «Бешикташ» ойыншысы жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп қазақстандықтардың пайдасында – 2:1. Айта кетейік, Бактиер Зайнутдиновтың екі добы оған Руслан Балтиевті (13 гол) басып озып, 14 голмен Қазақстан құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген атағына жеткізді. 8 турдан кейін Қазақстан құрамасында H тобындағы турнирлік кестесінде 15 ұпай бар. Команда келесі кездесуін 17 қарашада Астанада Сан-Марино командасына қарсы өткізеді. Ал Еуроға соңғы іріктеу ойыны 21 қарашаға жоспарланған, онда Қазақстан құрамасы Словения құрамасымен кездеседі.

 

20.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 25
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 61
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 43
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 70

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1215
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7260
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11123
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7322
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7472