Францияның мемлекеттік қызметшілері Олимпиада ойындарында жұмыс істегені үшін ақшалай бонус алады

Францияның мемлекеттік қызметшілері Олимпиада ойындарында жұмыс істегені үшін ақшалай бонус алады
Бұл туралы сенбі күні елдің Мемлекеттік қызмет министрі Станислас Герини мәлім еткен

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға қатысатын француз мемлекеттік қызметшілері үшін 500-ден 1500 еуроға дейін бонустық төлемдер төленеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Бұл хабарландыру екі француз кәсіподағы CGT және FO Олимпиада ойындары кезінде ереуілге шығуға ниетті екендерін білдіргеннен кейін жасалды. Дегенмен, министр С.Герини бүкіл ел олимпиада ойындары кезінде ереуіл болғанын қаламайтынын айтты. Сондай-ақ ол іс-шаралар кезінде жұмылдырылған мемлекеттік қызметкерлерге «бонустар» берілетінін, оның мөлшері 500-ден 1,5 мың еуроға дейін болатынын айтты.

Сонымен қатар, Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Олимпиада нысандарын қорғауға қатысатын құқық қорғау қызметкерлеріне шамамен 1900 еуро төленетінін мәлімдеді.

Франциядағы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

jambylinfo.kz
11.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 236
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 215
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 214

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20538
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20336
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35436
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34008
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37862