Биылғы жылы футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде бірқатар сенсациялық нәтижелер тіркелді. Мәселен, Криштиану Роналду Гана командасымен кездесуде гол соғып, осымен бесінші чемпионатта доп соққан алғашқы футболшы атанды. Топтық кездесулердің алғашқы турында Аргентина құрамасы Сауд Арабиясы командасынан 1:2 есебімен ұтылса, Жапония жігіттері әлемнің үш дүркін чемпионы Германия құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысқан алаң иелері Катар Эквадор командасына 2:0 есебімен жеңілді. Ал Испания Коста-Рика командасын 7:0 есебімен ойсырата ұтты. Англия Иранды 6:2; Франция Австралияны 4:1; Бразилия Сербияны 2:0; Португалия Гананы 3:2; Нидерланды Сенегалды 2:0; Бельгия Канаданы 1:0; Швейцария Камерунды 1:0 есебімен ұтты. Уругвай-Оңтүстік Корея, Дания-Тунис және Марокко-Хорватия 0:0; Уэльс-АҚШ 1:1 есебімен тең ойнады. Топтық кездесулердің екінші турында «А» тобында Сенегал Катарды жеңсе (3:1); Нидерланды-Эквадор тең ойнады (1:1). «В» тобында Иран сенсация жасап, Уэльс құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Ал Англия-АҚШ 0:0 есебімен тең түсті. «С» тобында Польша – Сауд Арабиясын (2:0); Аргентина Мексиканы (2:0) ұтты. «Д» тобында Тунис Австралияны (1:0); Франция Данияны (2:1) жеңді. «Е» тобында Коста-Рика Жапонияны (1:0) ұтса, Испания Германиямен тең түсті (1:1).; «F» тобында Марокко Бельгияны (2:0), Хорватия Канаданы жеңді (4:1 ).«G» тобында Камерун мен Сербия тең ойнады , есеп – 3:3. Бразилия мен Швейцария матчы 1:0 есебімен алғашқыларының пайдасына шешілді. «Н» тобындағы матчта Португалия Уругвайды 2:0 есебімен ұтып, плей-оффқа өтті. Ал Гана Оңтүстік Кореяны 3:2 есебімен ұтты. Үшінші турда «А» тобында ойнайтын Нидерланд Катарды (2:0), Сенегал Эквадорды (2:1) ұтып, плей оффқа өтті. «В» тобында Англия Уэльсті (3:0), АҚШ Иранды (1:0) жеңді, екеуі де плей-оффқа өтті. Жалпы, плей-офф кезеңіне әзірге Бразилия, Франция, Португалия, Нидерланд, Сенегал, Англия, АҚШ командалары жолдама алып қойды. Қалғандары ақырғы топтық турда анықталады.