Футбол: Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнады

Футбол: Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнады

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында «Әл-Хилал», «Әл-Наср» клубының жұлдыздарының біріккен командасымен париждік «ПСЖ» арасындағы жолдастық матч өтті. Кездесу барысында Лионель Месси мергендігімен көзге түссе, Криштиану Роналду дубль авторы атанды. Тартысты өткен матчта париждік «ПСЖ» жеңіске жетті. Есеп 4:5. Гол авторлары: 0:1 – Лионель Месси (3), 1:1 – Криштиану Роналду (34, он бір метрлік айып добынан), 1:2 – Маркиньос (43), 2:2 – Криштиану Роналду (45+6), 2:3 – Серхио Рамос (53), 3:3 – Чжан Хен Су (56), 3:4 – Киллиан Мбаппе (60, он бір метрлік айып добынан), 3:5 – Юго Экитик (78), 4:5 – Андерсон Талиска (90+4). Айта кетейік, матчтың отыз тоғызыншы минутында париждік клубтың қорғаушысы Хуан Бернат алаңнан қуылды. Сонымен қатар алғашқы таймның соңғы минутында Неймар он бір метрлік айып добын соға алмай, мүлт кетті.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 216
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 237
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 215

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20541
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20338
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35438
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34010
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37864