Газет өмірге қалай келді?

Газет өмірге қалай келді?

Тәуелсіздіктің самал желі есе бастаған 1991 жылдың  ақпан айының бастапқы күндері мен іссапармен Баку қаласында жүр едім, «ZAMAN Әзірбайжан» газетін көріп қалдым. Мен Түркияда жарық көретін «ZAMAN» газетін білетінмін.  Газеттің Бакудағы жауапты адамы Маһмұд Жебі  мырзаны іздеп таптым.  Мен оған «Сіздің газетпен танысқан соң мұндай басылым Қазақстанда жарық көру керек. Өйткені Қазақстан – Орталық Азияның жүрегі, әрі көлемі жағынан ең үлкен, айрықша стратегиялық мәні бар мемлекет. Сонымен бірге жер асты, жер үсті өте бай өлке, көп ұзамай бүкіл алпауыт елдер оған сұңғыла қарай бастайды, олар аяқтарын нық баса қойса, сіздердің, біздің елде табан тіреуіңіз қиындай түседі. Кеш қимыл жасай қойсаңыз, оның өзі бауырлас сіздей елге жараспас, сіздің достығыңыз бүгін керек, ертең бізге дос атауы көбейіп кеткенде, бізге де жалған дос пен шынайы достың айырмасын білу қиынға соғатын болады», – дедім. Маһмұд менің бұл ұсынысыма: «Біз қуана-қуана сіздің ұсынысыңызды қабыл аламыз. Бірақ та менің Қазақстанға барып, өз көзіммен көріп, мән-жайын түсініп, Түркиядағы басшылыққа хабар беруім керек», – деп үн қатты. Мен де: «сізді Алматыға қонақ етіп шақырамын, келіңіз, көріңіз», – деген соң, екеуіміз сапар жоспарын нақтыладық.

 Иран Ислам республикасына имам Хомейнидің жыл сайынғы өткізетін дәстүрлі асына қатысу үшін марқұм  Қалтай Мұхамеджанов ағамыз басқарған бір топ Қазақ зиялысы Бакуден Теһранға ұшып кеткен еді. Ол топты Иранға шақыру, сапарын ұйымдастыруға Иранның Мәскеудегі елшілігі мені өкіл етіп тағайындаған-ды. Қалекең  қуана қолдады. Аға Қазақстанға қатысты шаруалардың міндетін, Түркияға қатысты шаруаларды мен атқаруға міндеттеме алып уәделестік.  Сосын шабыттана іске кірістік. Маһмұд келіскендей Алматыға ұшып келді. Мен оны қарсы алып, Қалекеңе алып барып таныстырдым. Қалекең екеуіміз іске кірісіп кеттік. Ол кездері біздің бағымызға орай  Мырзатай Жолдасбеков  Премьер-министрдің орынбасары қызметінде, Қалекеңмен жақын дос, сыйлас жандар екенін бірінші кездескеннен-ақ байқадым. Сонымен қатар, Мырзатай ағаның дүниетанымы кең, өрісті де мейірімді жан болғаны менің де жан дүниемді баурап алды.

Ұзын сөздің қысқасы, Мырзакең қол ұшын берем дегеннен кейін біз де байланысымызды Маһмұдтың дәнекерлік жақсылығының арқасында Түркиядағы басшылармен жалғастырдық. Сондағы «ZAMAN» газетінің бас редакторы Илһан Ишбіленнің сапары Қазақстанға іске асты. Мырзакең ерекше ілтипатпен қонақты қарсы алып, қазақы қонақжайлылықты мейлінше танытты, сол кездегі еліміздің Премьер-министрі Сергей Терещенкомен кездесуді ұйымдастырды. Қалекең, Илһан бей және мен қатысып, үкімет басшысының келісімі алынды.  Артынша үшеумізді еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауына жаздырды, ол кісі сол жылдың 8-наурызы күні Алматыда әйел азаматшаларды  құттықтауға арналған салтанатты дастарқанында қабылдап, өз батасын берді. Бұл кездесу Илһан бейді ерекше шабыттандырды. Сол себепті Түркияға барған соң, біз де өз еліміздің Президентінің батасын аламыз деген ойын бүкпесіз айтты, кейін жүзеге асырды. Айлар бойы екі ел арасында жүріп, талай асуларды бағындырып, екі елдің басшыларының, зиялыларының ықыласымен бүгінгі «Қазақстан-ZAMAN» газетінің дүниеге келуіне мұрындық болдық. Тарих үшін  керек болар,  газетпен қатар тағы екі  идеямның іске асқанына қатты қуандым. Бірі жастарымыздың Түркияда тегін білім алуы болса, екіншісі Қазақ-Түрік лицейлерінің ашылуына демеушілер тапқанымыз болды. Олардың саны артып,  бүгінгі күнге дейін жемісін беріп келеді. 

Еліміздің Тәуелсіздігі жария болған сәттен бастап, ажырап қалған түркі қандастарымызды іздей бастадық. Тарихы бір, тілі бір, діні бір, өркені өскен Түркия елі басты назарға ілінді, іле- шала ғасырлардың сағынышымен бізді қауыштырып, бой түзетуге жетеледі. Сол-ақ екен, «ZAMAN» басылымы Түркиядан бізге құшақ ашты. Бауырға қауышқан біз мәз-мейрам болып, шаттық сезіміміз аспандап жатты. «ZAMAN-Қазақстан» газеті – еліміздегі тұңғыш халықаралық басылым.  1992 жылдың қаңтарында  Қалтай Мұхамеджановтың басқаруындағы газеттің тұңғыш саны  жарық көрді. Әрі қарай Жұмабай Шаштайұлы, Болат Бодаубай бас редакторлық еткен газет Марат Тоқашбаевтың басқаруы кезінде «Қазақстан-ZAMAN» болып өзгеріп, ұдайы қазақтың ұлттық, мемлекеттік мүддесінің қорғаушысы, қазақ тілінің жанашыр жоқтаушысы, қорғаушысы және түркі дүниесінің бірлігі мен ынтымағымыз жарасып,  ымырасыз мылтықсыз майданда бірге күресіп келе жатырмыз. Уақыт өтті.  Газеттің тұтастай басқаруы Сәуле Мешітбайқызының қолына ауысып, атауы өзгеріп, «Qazaqstan dauiri» болып жаңа кезеңге қадам басты. Оның бас редакторы қазақтың елеулі қаламгері Ертай Айғалиұлы бұл майданда апайға үзеңгілес болып, бүгін газеттің ғұмырын 30 жылға, оның балапаны – «Мөлдір бұлақ» балаларға арналған журналының өмірін 20 жасқа жеткізді. Мен ұжымды осы мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймын. Аталмыш газет пен журналдың ел мүддесін қорғауда шаршамай, шалдықпай, еңбектерінің табысты жалғаса беруін тілеймін.  Жолы құт, өмірі баянды болсын!

 

Ислам Жеменей, Филология ғылымдарының докторы, профессор
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 64
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 64
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 431
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9087
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8485
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11713
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9479
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10694