ГҮЛ ТЕРГЕН ҚЫЗ

      ГҮЛ ТЕРГЕН ҚЫЗ
«Ақ жол» газетінің Сарысу және Талас аудандарындағы тілшісімін. «Жаңатас пен Қаратау қаласына Үкімет басшысының орынбарысы Ахметжан Есімов келеді, екі қалаға жасаған жұмыс сапары туралы нөмірге шұғыл мақала жібересің» деген хабар жетті, редакциядан.
Вице-Премьер бүгінде Түркістан аталатын облыстың Созақ ауданы арқылы келетін көрінеді. Облыс әкімі Бөрібай Жексенбин бастап, екі облыстың шекарасында Астанадан келе жатқан қонақты үш-төрт сағат күттік-ау. Газет-телевидения тілшілері, әсіресе қыздар көлікте отыра-отыра іштері пысты білем, жолдан ұзап шығып, гүл теріп кетті.
Жарты сағаттай уақыт өткен соң, құшағы гүлге толған әдемі қыз журналистер көлігіне міне бергенде «Құшағыңдағы гүлдей құлпырып кетіпсіз қарындас, есіміңіз кім?» деп жеңіл әзілдеп, таныстым. Эльмира деді, мен де есімімді айтып, қолымды соза бергенім сол еді, «Ой аға сізді білемін ғой» десін. Облыстық телевидениеге журналит болып кіргені жақында екен. «Аға, бүгін алғашқы іссапарым» дейді. Өзі бір ашық-жарқын қыз екен. «Анау қаруытып тұрған Баба Түкті Шашты Әзіздің кесенесі. Шырағым, алғашқы журналистік сапарыңды әулие баба жатқан киелі орыннан бастадың. Қадамың сәтті, журналистік жолың оң болсын!» дедім.
Өстіп тұрғанда Шолаққорған бағытынан қонақтар мінген көліктердің де қарасы көрінді...
Эльмира Мырзағлимен әріптес ретінде аралас-құралас жүрдік. Көрген жерде «Ағалап» тұрады, айналайын. «Жамбыл-Тараз» газетін басқарып тұрғанда «Әулиеата-медиа» ЖШС-нің бұрынғы директоры Нұрбек Бекен бастап, қалалық басылымның 25 жылдығымен, «Анаға тағзым» орталығының директоры болғанда тағыда осы шығармашылық ұжымның бұрынғы директоры Оралхан Дәуіт бастап, құттықтап шығып едік.
Бүгінгі туған күнің құтты болсын, гүл терген қыз! Ер азаматың, балапандарың аман болсын! Сен журналистиканың екі саласында меңгерген қызсың, бізден алыстап кетпе, шырғым! Облыс орталығының қоғамдық өміріне белсене араласып жүргеніңді білемін. Алайда журналистика өзгеше әлем!
 
Амангелді Әбіл
12.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 167
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 678
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 798
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 711

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8866
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8262
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11490
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9246
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10473