Иегованың қазаққа қарсы ашқан соғысы

Иегованың қазаққа қарсы ашқан соғысы

Оның құшағында жарты млн қазақ жүр

Олар дүниежүзінің 200 тілінде 27 млн данамен 30 беттік журнал шығарып, 230 елде үгіт жүргізеді. Нью-Йорктегі «Күзет Мұнарасы» қоғамының «Бруклин» баспаханасында 3 мың адам жұмыс істейді. Баспаханаларында айына бір тілде үлкенді-кішілі 60 мың кітап және әлемнің 120 тілінде 30 миллиондай кітап шығарады. Соңғы 70 жылда 11 млрд дана кітап шығарған. Осылардың бәрін тарату үшін 2 млн адам жұмыс істейтін «Эймак» тарату желісі бар. Апаттың үлкені осы емес пе?.. Олар өздерінің идеясын жастар арасында пәрменді таратуда. Тек жастар ғана емес, орта буын өкілдерін, тіпті зейнеткерлерді де қосып жатыр. Бұл күндері жарты миллиондай қазақстандықтар түрлі секталарға кіріп кеткен деген сөз бар. Және олар күннен-күнге көбеюде. Біз секталардың Ислам бағытындағы түрімен ғана күрес жүргізіп жатырмыз. Олардың жұмысын тоқтатамыз, соттаймыз. Біріншіден, бұл Ислам бағытындағы секталардың агрессивті іс-әрекетінен болса, екіншіден, АҚШтың Исламды әлемдік лаңкестің қолдаушысы етіп көрсетуіне байланысты болып отыр. Ал «жусаннан аласа, бетегеден биік» болып, мүләйімсіп, ішімізге кіріп алып, елді жегіқұрттай жеп жатқан христиан, буддизм бағытындағы секталарды еркін жіберіп қойдық.

Олар діни сенім арқылы санамызды улап, ұлттық тұтастығымызға іріткі салып, іргемізді біртіндеп сөгу үстінде. Қазір Алматының өзінде ғана 42 конфессия, 275 діни бірлестік жұмыс істейді. Ал бүкіл Қазақстан бойынша 3340 діни бірлестік бар екен. 1991 жылдары бұл сан он еседей аз еді. Бұлардың үгіт-насихат құралы да, материалдық-техникалық базалары да мықты. Бәрі шетелден қаржыландырылды. Осылардың ішіндегі ең еркін, қымсынбай, өз еліндегідей әрекет етіп жүргендері – Иегова куәгерлері. Олар Қазақстанның кез келген қаласында кітаптарын еркін таратып, конгрестерін де ашық өткізуде.

Бұл – Иегова куәгерлерінің Қазақстандағы қазақ қауымының конгресі. «Аудандық конгресс» деп аталғанмен, бүкіл Қазақстанды қамтыды. Иегова куәгерлерінің бастауыш ұйымдары – топ. Әр топта 20-25 адам бар. 6-7 топ бірігіп қауым құрады. Әр қауымда 120- 150 адам бар. Қауымды ақсақалдар немесе бақылаушылар басқарады. Мысалы, Алматыда қазақ тілінде төрт қауым бар. Олар – «Жаңа дүние», «Мұрагер», «Достық», «Медеу» деп аталады. Ал орыстілді қауымның саны 20-дай. Сондай-ақ бір-екіден ұйғыр, татар, неміс қауымдары да бар.

Конгреске қатысқандардың дені жастар әрі әйелдер. Сырттай қарағанда басқалардан өзгешелігі жоқ. Киім киісінде, шаш қоюында ерекшеленбейді. Айқыш тақпайды. Бұлар әдейі дайындалған бөлмедегі ваннаға бір-бір сүңгіп шығады екен. Осыдан кейін олар «Иегова куәгерлігіне» өткен болып есептеледі. Бұрынғы дінінен бас тартады. Бұдан былай тек Иегованың заңымен жүріп, солардың істе дегенін істейді. «Же» дегенін жейді. Иегова христиан бағытындағы секта болғандықтан, бұдан кейін жылқы етінің орнына шошқа етін жейтін болады. Қазақстандағы филиалы Алматының «Қалқаман» ықшамауданындағы Әуезов көшесінде 187 үйде орналасқан. Оның қақпасына «Иегова куәгерлерінің патшалық сарайы» деп қазақша, «Зал Царства Свидетелей Иеговы» деп орысша жазып қойған. Мұнда бір ғана ғимарат емес, үш-төрт үйден тұратын тұтас кешен салынды. Алып жатқан аумағы 7 гектардай. Қасында «Америка мектебі» жұмыс істеуде. Онда жылына 12200 АҚШ долларын төлеп, талай қазақ балалары оқып жатыр. Ол балаларды иеговалықтар өз діндеріне тартпасына кім кепіл?

Біз «Қазақстанда 40-тан астам діни конфессия жұмыс істейді» деп мақтанамыз. Бұл мақтанарлық іс пе? Түптің түбінде 40 діни конфессияның басы бір қазанға сия қояр ма екен? Көп діннің келешекте бейбіт өмір сүре қоюы екіталай. Бір баламыз «Иеговаға кірдім» деп оның кітабын жаттап бір бұрышта, екінші баламыз «кришнаға кірдім» деп тақырбастанып, екінші бұрышта барабанын қағып отырса, өзіміз «ислам дініндеміз» деп Құран оқып отырсақ, ертеңгі күні отбасымызда қандай береке-бірлік болмақ? Әрқайсысы өз кірген дінімен қырқыспай ма?

Қазақстандағы секталардың қаптап кетуіне «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңымыздың осалдығы жақсы жағдай жасап отыр. 1992 жылдың қаңтарында «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңды қабылдадық.

Олардың бастығы бір баяндамасында: «Қазір рухани соғыс жүріп жатыр», – дейді. Дұрыс айтады! Қазір Иегова қазақтарға қарсы рухани соғыс жүргізуде. Тек қана Иегова емес, Қазақстандағы барлық секталар қазақтарға қарсы рухани соғыс жүргізіп жатыр. Қазақ халқы «мың өліп, мың тіріліп» ХХI ғасырға жетті. Енді ХХII ғасырға жетеміз бе, жоқ па? Осы бағытымызбен кете берсек, ХХII ғасырға биологиялық тұрғыда жеткенмен, рухани тұрғыда жетпей қалуымыз ғажап емес 

Назрахмет ҚАЛИ
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 144
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 142
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 656
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 776
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 689
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 699

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8838
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8236
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11463
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9220
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10447