ІІМ-нің қызметкерлері сотталды

ІІМ-нің   қызметкерлері сотталды

Қару-жарақты заңсыз ұстау – елімізде заңмен тыйым салынған сала. Алайда күштік құрылым өкілдері анықтаған кейбір істер елімізде жасырын қару-жарақтар сақтап отырған азаматтардың әлі де бар екендігін көрсетсе керек. Ал былтырғы Қаңтар оқиғасы туралы мәлімет берген құзырлы орган өкілдері әлі де күштік құрылым өкілдерінің қолына түспеген бірнеше мың дана қарудың бар екендігін айтқан еді. 

Дегенмен қылмыстың бұл түрлеріне қатысты нәтижелі жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын да естен шығармаған жөн. Жақында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі қару-жарақты екінші рет айналымға енгізумен шұғылданған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлері және олардың көмекшілеріне қатысты сот процесі аяқталғандығын хабарлады. Ақпараттан белгілі болғандай, Ішкі істер органдарының қызметкерлері тіркеуден шығарылған қару-жарақтарды белгілеме бойынша жоюдың орнына жалған актілер жасау арқылы арам пайда табуға әрекет жасаған. 

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірге екі кезеңнен тұратын операция барысында Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында    қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кесті», – дейді ҰҚК-ның баспасөз қызметі.

«Құрықтау және тінту барысында 347 бірлік қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі алынды. Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехының көзі жойылды. Жедел зерделеуді жалғастыру арқылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлеміне, бұзғыш діни ағымдарға қатысты және бұрынғы полицейлерден тұратын қаруды сатып алушылардың толық базасын анықтады. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен кінәлі адамдар 2-ден 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мерзімдеріне сотталды.  Қызметтік міндеттеріне салғырт қарағандары және жеке құрамды бақылауды әлсіреткендері үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшылары теріс негіз бойынша қызметтен шығарылды. Қолданылған шаралар қару айналымын бақылау саласындағы заңдылықты сақтауға және қылмысқа бой бермеу бағытына оң әсерін тигізді», – делінген ресми органның ақпаратында.

Мұндай заңсыз әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылықтардың барынша қауiптi санатына жатады. Бұл өз кезегінде қоғамға, адамдардың өміріне аса қауіпті қылмыстардың туылуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан құзырлы органдардың атқарып жатқан жұмыстарына барынша қолдау көрсету әрбір азаматтың бұлтармас борышы болмақ.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 21
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 12
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 21
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 18
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550