Иммунопрофилактика

Иммунопрофилактика

Вакциналау дегеніміз не? Вакциналау немесе егу –  адам қоздырғыштармен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғанудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакциналау ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін қолдана отырып, көптеген жұқпалы ауруларға төзімділікті арттырады және сіздің иммундық жүйеңізді күшейтеді. Аурулар сияқты вакциналар да иммундық жүйені арнайы антиденелер жасауға үйретеді. Алайда, вакциналарда тек ауру қоздырғыштарының - ауру тудырмайтын және онымен асқыну қаупін тудырмайтын қоздырғыштарының - өлтірілген немесе әлсіреген түрі ғана бар. Вакциналардың көбісі инемен тері астына,бұлшыкетке егіледі, жане де  ауызға салынатын  турлері де бар.

Вакциналаудың маңызы неде?

Вакциналау — жұқпалы аурулармен күресте алдын алудың мақсатты әдісі болып табылады. Вакцинация жұқпалы аурулардың ерекше алдын алу және емдеу мақсатында белсенді иммундау үшін қолданылады. Вакцинаның құрамындағы белсенді емес немесе әлсіреген вирустың немесе микроорганизмнің фрагменттері ауру тудырмайды, бірақ иммундық реакцияны қауіпсіз түрде тудырады.

 Қазіргі уақытта дифтерия, сіреспе, көкжөтел, тұмау және қызылша сияқты кем дегенде 20 түрлі  аурудан қорғайтын вакциналардын түрлері бар. Жалпы алғанда, бұл вакциналар жыл сайын 3 миллиондай адамның өмірін дерттен сақтайды. Егер вакцинаны яғни, екпені уакытылы қабылдасақ  біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғаймыз. Кейбір адамдарға, мысалы, ауыр науқастарға, белгілі бір вакцина алуға болмайды, сондықтан олар ауру таратпау үшін басқа адамдардың вакциналауына тәуелді.

 Вакцина қалай жұмыс істейді? Вакциналар қоздырғышқа иммунитетті қалыптастыру үшін табиғи қорғаныс механизмін іске қосу арқылы ауру қаупін азайтады. Вакцинация ағзаның  иммундық реакциясын тудырады.

Ал, Иммундық жүйе:

• Ауру қоздырғышын, мысалы, вирус немесе бактерияны анықтайды.

• Ағзада антиденелер шығара бастайды. Антидене - бұл ағзаның иммундық жүйесі аурумен күресу үшін табиғи жолмен түзілетін ақуыздар.

• Болашақта аурумен күресу үшін қоздырғышты есте сақтайды. Егер сол қоздырғыш ағзаға қайта енсе, иммундық жүйе аурудың дамуына жол бермей, оның көзін жояды. Біздің иммундық жүйеміздің есте сақтау қасиеті бар. Бір немесе бірнеше вакцина алғаннан кейін, біз белгілі бір аурудан көп жыл, ондаған жыл бойы, тіпті өмір бойына қорғаныш ала аламыз. Яғни, бұл осы иммундык реакция  біздің ауырып қалуымызға жол бергізбейді.

Вакцина адам мен қауымды қалай қорғайды? Вакциналар иммундық жүйені вирус пен бактерияларды тануға, онымен күресуге үйретуге бағытталған. Егер денеге кейінірек осы патогендік қоздырғыштар әсер етсе, оларды тез жоюға дайын болады, яғни ол  бұл аурудың алдын алады. Егер адам ауруға қарсы вакцина алған болса,жұқтыру қаупі төмендейді, демек ауруды басқаларға таратуы азаяды. Қоғамда неғұрлым көп вакцина егілсе, соғұрлым аз адам осал болып, қоздырғышты адамнан адамға беру мүмкіндігі азаяды. Халықтың көп бөлігіне вакцина егілсе, ұжымдық иммунитетке қол жеткізіледі.Әрине, Бұл жұқпалы аурулардың таралуын бәсеңдетеді. Бірақ ұжымдық  иммунитет тек көп адам вакциналанғанда ғана тиімді. Сондықтан қоғамда көп адам вакцина алмаса, вакциналанбаған адам бұл аурудан қорғана алмайды.

Вакцина алу қажет пе? Вакцина алмасақ, қызылша, менингит, пневмония, сіреспе және полиомиелит сияқты ауыр дертпен ауыру қаупі бар. Бұл аурулар өмірге қауіп төндіреді. ДДСҰ вакцина жыл сайын 2-3 миллион адамның өмірін сақтайды деп мәлімдейді. Кейбір ауру сирек кездессе де, оның қоздырғыштары әлемнің кейбір немесе барлық аймағында бар. Қазір әлемде жұқпалы аурулар шекарадан оңай өтіп, иммунитеті төмен кез келген адамға жұғады.Сондыктан, Вакцина алудың екі негізгі себебі: өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғауға көмектеседі.

                                                                                                               Алматы қаласы Наурызбай ауданының

                                                                                                               санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

                                                                                                               басқармасының басшысы В.И.Конеева

 

                                                                                                               Алматы қаласы Наурызбай ауданының

                                                                                                               санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

                                                                                           басқармасының эпидемиологиялық

                                                                                                бақылау бөлімінің басшысы Н.Д.Раева

 

 

09.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24535
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24196
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41644
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37542
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41918