Калифорниядағы Наурыз

Калифорниядағы     Наурыз

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қазақтары дүркіретіп атап өтті. Тамыры тым тереңде жатқан мейрамды қаракөз бауырларымыз шат-шадыман көңілмен тойлап, әуелеп ән шырқалды, күмбірлеп күй төгілді. Сан алуан ұлттық тағамдардан көз сүрінетін мол дастарқан жайылып, соңы жасы егде кісілердің ақ бата, тілегіне ұласты.

Салт-дәстүрімізді ұлықтайтын айтыс, беташар сияқты қойылымдар көрсетіліп, арқан тарту, күш сынасу, гир көтеру секілді спорттық ойын түрлерінен өткізілген сайыстар тойдың сәнін келтіріп, мәнін еселей түсті. 

Мерекелік бағдарламаның шоқтығы биік тағы бір бөлімі – «Наурыз ханымы» («Mrs. NAURYZ-2022») байқауы болды. Салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды насихаттап, өзара сайысқа түскен арулар біліктілігі мен білімін, өнерін паш ете білді. Сайыстың шартына сай үміткерлер өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Сұрақтарға жауап беріп, ұлттық тағам түрлерін дайындады. Тойдың ажарын одан әрі аша түскен байқау қатысушылары түгел дерлік бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Наурыз мерекесінде әнші-композитор, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі – Марат Омаров, Дүниежүзілік бокс сериясының қола жүлдегері, NABF Super Welterweight Солтүстік Американдық бокс федерациясының чемпионы, кәсіпқой боксшы – Мадияр Әшкеев, Калифорния штатындағы ҚР-ның консулы – Азамат Әбдірайымов сынды танымал тұлғалармен қатар, Сан-Франциско, Чикаго, Нью-Йорк, т.б. қалалардан келген қазақ бауырлар қонақ болды.

Әз-Наурыз еліміз бен жерімізге ырыс-құт, ынтымақ-бірлік, бақ-береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Зина ШАДАЕВА, «Qazaqstan dauiri» газетінің АҚШ-тағы тілшісі
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 63
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 62
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 174

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 94
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 169
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 165
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 174
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 173