Кәсіп ашуға ниеттілер көбеюде

Кәсіп ашуға ниеттілер көбеюде

Атаулы әлеуметтік көмек алып келген оралдық отбасылардың арасында өз алдына кәсіп ашуға ниеттенетіндер қатары артып келеді. 

Күні бүгін Орал қаласында мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Жауапты сала мамандарының айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған шаңырақ иелерінің арасында кәсіп ашуға талпынатындар көбейіп келеді екен. Биылдың өзінде облыс орталығындағы үш жанұя атаулы әлеуметтік көмектен бас тартып, бизнеске бет бұрған. Сондай жандардың бірі – Анита Мельничук. Ол да бірнеше жыл қатарынан атаулы әлеуметтік көмек ала отырып, бір іспен айналысуға ниет еткен жерлестеріміздің бірі. Ол 2021 жылы сурет студиясын ашыпты. Қазіргі уақытта мектеп жасындағы жиырма шақты ұл-қызға сурет салудың қыр-сырын үйретіп жүр.

– Мен атаулы әлеуметтік көмек алатын едім. Өзім үйде бала күтімімен отырдым. Бір күні менеджерден мемлекет өз кәсібін ашқысы келетіндерге қаржылай грант беретіндігі туралы естіп қалдым. Мен өзім бұрыннан сурет саламын, безендіремін. Бірінші мамандығым – суретші, екінші мамандығым – педагогикалық білім беру ісі. Өзімнің қолымнан келетін іс болғандықтан, айналысуға бел будым. Олар мені оқуға жіберді, бизнес жоспар жаздым. Кейін мемлекеттік грантты ұтып алдым. Мен балалармен жұмыс жасағанды ұнатамын. Мен осы орталықты  ашқан бойда       ата-

аналар балаларын курсқа жазып, әкеле бастады. Екі кіші топ, екі жоғары топ бар. Өз ісімді ашқаныма өте қуаныштымын, – дейді Анита.

Иә, тұрғындардың атаулы әлеуметтік көмекке арқа сүйемей, осылай өздерінің сүйікті ісімен айналысуға ден қойғандары көңіл қуантады. Орал қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мамандары да атаулы әлеуметтік көмек алатындар арасында кәсіп ашуға шақыру, үгіттеу мақсатындағы жұмыстар жиі жүргізілетінін алға тартады. Нәтижесінде үш отбасы атаулы әлеуметтік көмектен бас тартып, өз кәсіптерін ашқан.

– Атаулы әлеуметтік көмек қиын жағдайға қалған азаматтарға беріледі. Бұдан бөлек балалар үшін азық-түлік пен тұрмыстық заттар беріледі. Балаларға берілетін кепілдендірілген азық-түлік сөмкесі 6 жасқа дейінгілерді қамтиды. Біз әлеуметтік көмек алушыларды қайта оқытуға жіберіп, кәсіп ашуға да шақырамыз, – дейді қалалық жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары   С.Бимұхамбетова. Айтуынша, алдағы жылдары атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар арасынан шығатын шағын кәсіп иелерінің санын арттыру жоспарланып отыр.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586