Кәсіпкерлер құқығы қашан жақсарады?

Кәсіпкерлер құқығы қашан жақсарады?

Қоғамда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, заңсыз салынған айыппұлдарды жою және заңсыз өндірілген айыппұлдарды қайтару туралы ақпараттар көбейіп келеді. Заңды құқықтар мен мүдделерді қорғау – құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары осы бағытта жұмыс істеп, прокуратураның белсенділігі артып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз функцияларын толықтай жүзеге асыруда. Палата өкілдерінің сөзіне сенсек, олар бизнесті қорғау арқылы 230 млрд теңгені сақтап қалған. ҰКП сарапшылары кәсіпкерлердің 17,9 мың өтінішіне жауап беріп, 34,3 мың сараптамалық қорытынды дайындаған. Бұл көрсеткіштерге қарап, қорғауға мұқтаж кәсіпкерлердің әлі де көп екенін аңғаруға болады. Портал бизнестің үкіметпен және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу мүмкіндігін нығайту үшін құрылған болатын. Қазір Палатаның уақыты мен ресурстарының  кем дегенде 50 пайызы шағын және орта бизнеске, 40 пайызы салалық саясат мәселелеріне және 10 пайызы макрожағдайды реттеуге жұмсалады.

   Палатаға жаңадан сайланған төраға Райымбек Баталов ел президентіне «Атамекен» ҰКП трансформациясының тәсілдерін таныстырған еді. Сол кезде мемлекет басшысының назары заңнамалық деңгейде бизнеске қысымды азайту және соттар мен прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыру мәселелеріне ауған еді. Осы жерде келеңсіздіктер көп. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекен» қызметін жүйелі түрлендіру бағытындағы жоспарларды қолдады. Президент бизнес ортаны бюрократиясыздандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды мақұлдап, ҰКП-ны кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін және бизнес-қоғамдастықтың құқықтарын қорғауға бағытталған институт ретінде қайта іске қосу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Палатаны өзгерту барысында көптеген тәсілдер мен бөлімдердің жұмысы қайта қаралды. Мұндай реформаның мақсаты – салалық сараптаманы күшейту және бизнес пен мемлекеттік органдармен жұмысты жақсарту. Шешімі өңірлік палаталардың қызметін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлікті қорғау, ШОБ 2.0 бағдарламасы шеңберінде салалық саясатты әзірлеу, салалық сараптама сапасын арттыру, оның ішінде бизнес-қауымдастықтармен жұмысты жақсартуды кешенді дамыту болды. Трансформация кезеңіндегі жетістіктерге қазіргі уақытта Жоғарғы Сотпен, прокуратурамен және әкімдіктермен өзара іс-қимыл тетігінің жақсы дамығанын жатқызуға болады. Қазір аймақтарда тоқсан сайын әкімдермен, облыс прокурорларымен кездесулер өтіп тұрады. Отырыстардың қорытындылары мен істері жарты жылда бір рет Бас Прокурор деңгейіне жіберілетін болады. Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жоғарғы Сот Төрағасымен бірлесіп, ары қарай шешу үшін ай сайын кәсіпкерлердің заңбұзушылықтары мен мәселелерін қарайтын болады. 

    Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының кәсіпкерлері өз құқығын белсенді қорғап, Палатаға талап қойып, жалпы өз мүдделерін көзден таса қылмай отыр. Осы орайда, аймақтағы кәсіпкерлер көбіне үнсіз қалып жатады. Сондықтан Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Кикимовтың қатысуымен өңірлердегі жұмыс тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды. Бұл, ең алдымен, өңірлік деңгейде тартымды бизнес-ортаны құру туралы болды. Сонда Мақсат Кикимов: «Қазір Кәсіпкерлер палатасы бизнес мәселелерін шешу үшін облыс әкімі мен прокурор деңгейінде алаң ұсынып отыр. Өңірлік палаталар үшін барлық келіп түскен өтініштерді жедел өңдеу, бизнестің ең ірі, ең проблемалы және қарқынды мәселелерін қорытындылау және оларды осы платформаға жеткізу маңызды. Бұл облыс әкімінің хаттамасына енгізіледі. Ал қазірдің өзінде келесі кездесуде, 3 айдан кейін директор атқарылған жұмысты қорытындылап, мәселені шеше алады, бизнес мәселелерін шешу динамикасын бақылай алады. Қатысу үшін үлкен адвокаттар палаталарын, қоғамдық адвокаттар палаталарын тарту қажет, осылайша барлық маңызды мәселелер өтетін жерлерде айтылады», – деді. Кездесу барысында «ШОБ 2.0» кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру үшін цифрлық платформа құру мәселесі де талқыланды. ҰКП мәліметінше, жақын арада кәсіпкерлерді цифрлық автоматтандыру мен басқарудың заманауи құралдарын қолдануға үйрету жобасын іске қосу жоспарлануда. Айта кету керек, қазір үкімет бизнес мәселелерін талқылау алаңын құрды. Яғни атқарылған жұмысқа есеп сұрайды. Онда «Атамекен» ҰКП аптасына екі рет мемлекеттік органдар деңгейінде шешуді қажет ететін өзекті және жүйелі проблемалар туралы Министрлер Кабинетіне ақпарат береді. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша олардың шешімі ерекше бақылауда. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында ҰКП қолданыстағы заңнамалық актілерді реформалау бойынша жүйелі жұмыстарға белсене қатысады. Ал бұл жұмыстардың барлығы зерттеуге, талқылауға ашық, қоғамдық өрісте.    

   Жуырда Ақтауда өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдері үшін басты шаралардың біріне айналған «Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті дамыту» атты конференция өтті. Форумда облыс әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС арасында үшжақты келісім, сондай-ақ көлемі 82 миллиард теңгеден асатын 240 оффтейк келісімшарт жасалды. Тараптар ел ішіндегі құндылықтарды дамыту және импортты алмастыру саясатын жүзеге асыруда ынтымақтасуға ниетті. Бұл серіктестік жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуге және жергілікті қамтуды арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы 5 жылда таза импорттық тауарларға деген қажеттілік шамамен 110 млрд теңгені құрап, 4,5 мың орынды иеленетіні қазірдің өзінде есептелген. Яғни кәсіпкерлік қызметтің өрісі кең. Жалпы, ел үкіметі еліміздегі жұмыспен қамту мәселелерін шешуге, халықтың қаржылық әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Бизнесті бюрократиялық тұншықтырмай, еркін жұмыс істету керек.

 

Ермек Сахариев
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633