Кәсіпқой бокс: Қанат Ислам ұпай санымен ұтты

Кәсіпқой бокс:   Қанат Ислам ұпай санымен ұтты

АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өткен бокс кешінде 38 жастағы отандасымыз Қанат Ислам аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельден басым түсіп, кәсіпқой рингтегі 28-жеңісін тіркеді. 8 раундтық жекпе-жектің екінші раундынан бастап Қанат Исламның басымдығы айқын сезіліп тұрды. Аргентиналық боксшы үнемі қорғанысты ойлап, қазақ боксшысынан жасқаншақтап жүрді. Кездесудің барлық раундтары дерлік Қанат Исламның басымдығымен өтті. 6-раунд аяқталар тұста қазақ боксшысының бүйірді көздеген ауыр соққысынан кейін рингтегі төреші нокдаун тіркеді. Осылайша төрешілер қазақ боксшысының ұпай санымен жеңісін жариялады.Айта кетейік, бұған дейін Қанат Ислам 28 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жетіп, біреуінде ғана жеңілген. Хавьер Масьель осымен 52 жекпе-жегіне шықты. Ол 51 айқастың 34-інде жеңіп, 17-сінде жеңілген. 

 

Ермек Сахариев
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 30
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 150 МЫҢ ДАНА АРНАЙЫ КИІМ ТІГЕТІН ФАБРИКА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 10
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 5
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ» ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНАН БІЛІКТІ КАДРЛАР ШАҚЫРЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.05.2024 5
СОЗАҚТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 210 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 16.05.2024 10

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1507
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7541
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11418
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7580
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7741