Кәсіпқой бокс: Жәнібек қарсыласын нокаутпен жеңді!

Кәсіпқой бокс: Жәнібек қарсыласын нокаутпен жеңді!

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында кәсіпқой бокстан орта салмақта сынға түскен Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті. Жәнібек (10-0, 6 КО) бұл жолы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) қолғап түйістіріп, 8 раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша 10 раундқа есептелген жекпе-жек сегізінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Әуелі қазақ боксшысы үшінші раундта франциялықты нокдаунға жіберді, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл кездесуде орта салмақта екінші дәрежелі WBO Global титулы сарапқа салынды Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанды. Ал 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді. Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді. Он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Оның алтауы нокаутпен аяқталды.

Ермек САХАРИЕВ
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5505
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5656
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20626
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19256
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22718