Кене энцефалиті - орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жедел жұқпалы вирустық ауру. Аурудың салдары: толық сауығудан мүгедектікке және өлімге әкеледі.

Кене энцефалиті - орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жедел жұқпалы вирустық ауру.  Аурудың салдары: толық сауығудан мүгедектікке және өлімге әкеледі.

Инкубациялық (жасырын) кезең әдетте 10-14 күнге, 1 күннен 30 күнге дейінгі аралықта созылуы мүмкін. Ауру жедел түрде басталады, қалтырау, қатты бас ауруы, температураның 38-39 градусқа дейін күрт көтерілуі, жүрек айну, құсу сияқты белгілер пайда болады. Көбінесе мойын мен иықта, кеуде және белде, аяқ-қолдарда бұлшық ет ауырсынуы мазалайды. 

Кене энцефалитінен қалай қорғануға болады?

Жеке қорғаныс шаралары және кене энцефалитіне қарсы вакцинация – кене энцефалитінің алдын алудың негізі болып табылады.

 Кене энцефалитінің табиғи ошағына барған кезде (тауларға, ормандарға бару, Алматы қаласының маңында орналасқан лагерьлер мен сауықтыру ұйымдарында демалу және т. б.) кене белсенділігі маусымы кезеңінде оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары кене шағуына жол бермеу бойынша келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

- шөпке отыруға, жатуға болмайды, киімді, денені және заттарды жиі тексеріп, үйге оралғанда да киімді және денені кененің бар – жоғына мұқият тексеріп алыңыз;

- кенелерді үркітетін заттарды – репелленттерді қолдану қажет.

Сонымен қатар, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинациялау болып табылады екенін есте ұстаған жөн.

Кене энцефалитіне қарсы вакцинаны қайда және қалай жасауға болады?

Кене энцефалитіне қарсы екпені тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханалардан (немесе тіркелген жері бойынша) дәрігердің кеңесінен кейін ақысыз түрде алуға болады. Вакцинациялау курсы  1-7 ай аралығымен екі екпеден тұрады. Бірінші және екінші  егулер арасындағы ең оңтайлы аралық 5-7 ай (күз-қыс). Эпидемиологиялық маусымда кене энцефалитінің ошағына екінші вакцинация жүргізілгеннен кейін 2 аптадан ерте емес баруға жол беріледі. Ревакцинация вакцинациялау курсынан кейін бір жылдан кейін жүргізіледі. Кейінгі ревакцинацилар әрбір 3 жыл сайын жүргізіледі.

Кене шаққан жағдайда не істеу керек және қайда бару керек?

Жабысқан кене анықталған жағдайда, ең ерте мерзімдерде (кене шаққаннан кейін 4-ші күннен кешіктірмей), білікті медициналық көмек көрсетілетін және кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді енгізу жүзеге асырылатын серопрофилактика пункттеріне жүгіну қажет (кенелерді сорғаннан кейін 96 сағат ішінде кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді енгізу керек). Сіз кенені өзіңіз алып тастамауыңыз керек, кенені ұсақтауға тырыспаңыз. Бұл қауіпті! Егер сіздің қолыңызда сызаттар, кесектер болса, вирус қанға енуі мүмкін.

Алматы қаласында кене энцефалитінің шұғыл серопрофилактикасы келесі медициналық ұйымдардың травмотологиялық бөлімшелерінде жүргізіледі:

1) Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, 6) – Бостандық және Медеу аудандарының ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді;

2) №4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220) – Жетісу және Түрксіб аудандарының ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді;

3) №7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшам ауданы, Райымбек даңғылы, 20) – Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарының ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді;

4) Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (Қазыбек би көшесі, 96, тел 292-31-01) – Алмалы ауданының ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді;

5) Медициналық жедел жәрдем көрсететін балалар орталығы (Манас көшесі, 40, тел. 2748319) – қаланың барлық аудандарының 17 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалары мен жасөспірімдері үшін қызмет көрсетеді.

Есіңізде болсын, қауіпсіздік шараларын сақтау, табиғатқа шығу кезінде репелленттерді қолдану, кене сорылған жағдайда ерте медициналық көмекке жүгіну, уақтылы алдын алу және емдеу аурудың қолайлы нәтижесіне ықпал етеді.       

 

                                                                                                               Алматы қаласы Наурызбай ауданының

                                                                                                               санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

                                                                                                               басқармасының басшысы В.И.Конеева

 

                                                                                                               Алматы қаласы Наурызбай ауданының

                                                                                                               санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

                                                                                           басқармасының эпидемиологиялық

                                                                                                бақылау бөлімінің басшысы Н.Д.Раева

 

09.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24535
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24196
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41644
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37542
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41918