Кенесары-220: қарағандылық спортшы жеке веложарыс өткізді

Кенесары-220: қарағандылық спортшы жеке веложарыс өткізді

Белгілі веломарафоншы Ернат Мелсұлы Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға және кері қайту шеруінКенесары ханның 220 жылдығына арнады.

– Кенесары – Қазақстанның көрнектітұлғаларының бірі, – дейді Ернат Мелсұлы. – Оныңбүкіл өмірі өз елінежеріне қызмет етугебағытталдыМұндай қайраткерлерді жастар білуліүшін насихаттау керек.

Спорттық-патриоттық іс-шара екі кезеңнентұрдыВелошабандоз өзінің марафонын ЕлордадаКенесары хан ескерткішінен бастады.

Шеру Қарағандыда Тәуелсіздік стеласыныңалдында аяқталды

Мұнда оны жас велосипедшілер мен қалабелсенділері қарсы алдыҚашықтық 225 км 420 м құрады.

– Жалпы уақыт – 13 сағат 43 минут. Оныңішінде 10 сағат 7 минут велосипедпен жүрдім, – дейді велошабандоз. – Тас жолда көптегенаялдамалар болдыАдамдар сұрақтар қойыполармен суретке түсуді сұрады.

Екінші кезеңде Ернат Мелсұлы Нұр-Сұлтанғааттанды.

Велосипедші өзінің саяхатын Тутұғырданбастап Теміртаудағы Әлихан Бөкейхан атындағыорталық мешітке барды.

Кері жол ұзағырақ болды. 20 сағат ішінде 228 шақырымды бағындырды.

– Оның ішінде 13 сағат 17 минутта мен велосипедпен жүрдім, – дейді Ернат Мелсұлы. – Барлық деректер халықаралық сертификатталғанStrava мобильді қосымшасының көмегіменесептелді және жазылдыВеложарыс Ақордаалдында түнгі сағат екіде аяқталдыМені жұбайыммен досым қарсы алды.

Спортшы Әзірбайжан – Грузия – Түркияхалықаралық марафонын өткізуді жоспарлап отыр.

Ернат Мелсұлы – "Толық адам һәм төрт даму" идеясының авторы. Бұған дейін ол Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайНұр-Сұлтан – Жидебай бағыты бойынша және"Оразаға 99 шақырымвелошеруін өткіздіБиылАхмет Байтұрсынұлының 150 жылдықмерейтойына орай елімізде алғашқы қысқывелошеруді ұйымдастырып, 150 шақырымдыбағындырыпҚазақстан рекордын орнатты.

Жомарт Шаймұрат
28.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5152
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5313
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20276
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18915
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22375