Кесілген ұйқы безінің қайта өспейтіндігін неге ескермейді?

Кесілген ұйқы безінің қайта өспейтіндігін неге ескермейді?

«Qazaqstan dauiri» халықаралық, қоғамдық-саяси газетінің 2024 жылы 14 қараша күнгі №45 санында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНЫҢ 60%-Ы АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛАДЫ» атты сұхбаты жарық көрді. Министр ханым журналистің сұрақтаырна статистикалық деректер мен ішнара заңдар мен белгілемелерді ала отырып ресми түрде жауаптар беріпті. Сұхбаттың ішінде халыққа пайдалы, көңілге қонымды тұстары көп екен. Соның ішінде мүгедектікті белгілеу критерилері туралы сұраққа берілген жауап тура менің басымдағы жағдайды айтып тұрғандай болыпты. Журналистің: «Мүгедектікті белгілеу критерийлеріне, мүгедектік мерзімін белгілеу жағындағы белгілемелерге қарата сын айтылып жатады. Мұнда нақтылы жағдайды зерделеуден гөрі қағазбастылыққа бой ұру бар секілді. Мысалы ұйқы безінің біраз бөлігін алып тастаған адамды үшінші топтағы мүгедек ретінде 6 жыл бақылап барып екінші топқа өзгерту қаншалықты қисынға сияды? Не үшін екінші топқа жатқызбасқа...»,- деген сұрағына Светлана Қабыкенқызы:

–Мүгедектік белгілеу критерийлері мен мерзімдері Әлеуметтік кодекс пен «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына» сәйкес реттеледі. Мүгедектік тобы үш факторға негізделеді: ағза функцияларының тұрақты бұзылуы, өмір сүру қабілетінің шектелуі және әлеуметтік қолдауға қажеттілік. Бұл процесс кешенді тәсілді талап етеді, оның ішінде медициналық көрсеткіштерді талдау және өзіне-өзі қызмет көрсету мен еңбекке қабілеттілігін бағалау бар. Ұйқы безінің бір бөлігін алып тастау – күрделі операция және мүгедектік тобы функциялардың жоғалу дәрежесіне және мүмкін болатын асқынуларға байланысты белгіленеді. Ұйқы безінің бір бөлігін алып тастаған пациент жағдайында, медициналық комиссия оның сол кездегі денсаулық жағдайына сүйене отырып, оған үшінші топ мүгедектігін тағайындаған болуы мүмкін. Денсаулығы нашарлап, қосымша асқынулар анықталған жағдайда ғана оның тобын екінші топқа көтеру мүмкіндігі туындады, сондықтан оның мүгедектік мәртебесі қайта қаралды. Медициналық-әлеуметтік сараптама қағидаларына сәйкес, денсаулық жағдайының өзгеруі ағза функцияларының тұрақты бұзылуына әкелсе, мүгедектік тобы ауырлау топқа өзгертілуі мүмкін. Сондықтан алты жыл бойы бақылауда болған пациентті кейінгі тексеру кезінде осындай өзгерістер анықталып, оның үшінші топтан екінші топқа ауысуына себеп болған. Естеріңізге сала кетейін, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды»,- деп анық жауап берген екен. Осы сөздерді оқып отырып өз басымдағы жағдайларды да айта кеткім келді. Себебі мен қазір мүгедектік дәрежесін өзгерту мәселесі бойынша біраз кеергілерге тап болып отырмын.

Мен Мұрат Қалиоллаұлы (Ресми құжат бойынша Калиолла Мурат) Астана қаласының тұрғынымын. 2016 жылы қатты ауырып жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп күрделі ота жасатудың арақсында ажалдан аман қалып едім. 1- реткі ота 24.08.2015-19.10.2015 аралығына Астана қалалық №2 ауруханада жасалды. Дәрігерлердің қойған диагнозы «Жедел жалпы геморрагиялық панкреатиялық некроз (Фон: панкреатикалық некроз фонында қант диабеті)» (Острый тотальный геморрагический панкреонекроз.(Фоновое:Сахарный диабет на фоне панкреонекроза). Мұнда ұйқы безіінң біраз бөліігн алып тастады. Осыдан кейін 28.03.2016 бастап 13.08.2019 аралығында 3-топтағы мүгедек санатында болдым, жыл сайын өтіп отырдым. 13.08.2019 бастап 13.12.2023 жылға дейін 4 жарым жыл 2-топтағы мүгедек болып жыл сайын өтіп жүрдім.

Арада денсаулығым сыр бергендіктен тағы да ота жасатуға мәжбүр болдым. Бір бұзылған денсаулық қалпына кемегесін, өзге де ауруларды тудыра береді екен. Ұйқы безіне ота жасалып, өтті алып тастағаннан кейін қаныт диябеті пайда болды. Енді 10 жылға таяу аралықта маған жасалған оталарды айта кетейін.

2- реткі ота 12.03.2020-18.03.2020 аралығында Астанадғы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта жасалды. Дәрігердің қойған диагнозі «Протезді пайдаланып АСД алып тастағаннан кейінгі жағдай. SN FC 111.» (Состояние после устранения ДМПП с помощью протеза. СН ФК 111) болды.

3- рет «Жабысқақ ауру. Жедел адгезиялық ішінара ішек өтімсіздігі. Ұйқы безінің сыртқы лабиальды фистула кистасы түзілген. Резивияның жоғарғы ортаңғы лапаротомиясынан кейінгі жағдай, көз саңылауының ашылуы, холецистэктомия, бронх қуысын дренаждау. Минилумботомия. Ретроперитонеальды кеңістікті санитарлық тазарту және дренаждау. Бірлескен: орташа ауырлықтағы 2 типті қант диабеті. Артериялық гипертензия 2 дәрежелі қауіп 3 CHF FC I (NYHA) деген диагнозбен емге жүгіндім. (Спаечная болезнь. Острая спаечная частичная кишечная непроходимость. Сформированный наружный губовидный свищ кисты поджелудочный железы. Состояние после Верхне срединная лапаротомия резивия вскрытие сальниковой сумки холецистэктомия, дренирование бр полости. Минилюмботомия. Санация и дренирование забрюшинного пространства. Сопутствующий: Сахарный диабет 2 тип средней степени тяжести. АГ 2 ст риск 3 ХСН ФК I (NYHA)

4- рет 05.02.2024-08.02.2024 аралығында «LAD: 4,0мм.остий 40% тарыл, орта 20% тарыл, TIMI ағыны-3» деген диагнозбен (LAD: 4,0mm.ostium 40% тарылу, mid 20% тарылу, TIMI flow-3) емделдім.

5- рет 09.12.2024 күні «Chr. простатит, лат. Созылмалы пиелонефрит, ремиссия» деген диагнозбен емханаға жаытп шықтым. (Уролог, диагноз: Хр. простатит,лат течение. Хронический пиелонефрит, ремиссия)

6- рет 14.11.2024 күні Созылмалы гастритпен (Хронический гастрит) емделуге мәжбүр болдым.

7- рет Офтальмологтің жасаған қорытындысы «OU Жеңіл миопия. Тор қабықтың тамырлы ангиопатиясы» болды. (Окулист: Заключение: OU Миопия слабой степени. Ангиопатия сосудов сетчатки)

Соңғы рет 26.12.2023–26.12.2024 аралыңындағы жағдай бойынша комиссиядан өткенде қатысты мамандар мені 2-топтағы мүгедек санатымнан айырып 3-топтағы мүгедек санатына түсіріп тастады. Мен бұл шешімге риза болмай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесіне «е.өтініш» форматында 3 рет (26.12.2023 ,13.1.2024 , 16.1.2024) арыз жаздым. Осылардын кейінгі екеуін министрдің атына жазғам, бірақ жауап департаменттен келді, министрлікке арызымды өткізбеді, Астана қалалық департаментке қарасты № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қызметкерлері ауызша берген жауабында: «Сен жұмыс істеп жатыр екенсің, біздерде 2- топтағы мүгедектерді көбейтіп жіберсек прокуратура тексереді»,- деген уәж айтты. Сосын, «бір топтағы мүгедектікке 6 жыл тұрақты өту керек, сенің алдынғы жылдарың саналмайды, және диабеттен болған дене жарақатың жоқ»,- дегенді айтты. Менің қарынымда алғаш рет ұйқы безінің біраз бөлігін алып тастаған кездегі жасалған отадан қалған тесік 9 жылдан бері жабылған жоқ. Одан қанға инфекция түссе менім өміріме қатер төнетіндігін ешкім ескермей отыр. Оған қоса біраз бөлігі кесіп тасталған ұйқы безі енді қайтадан өсіп қалпына келмейтіндігін неліктен қаперге алмай отырғандығын түсінбедім. Комиссия құрамындағы мамандар мені бір группада әдейі алты жыл тұрақты өткізбей отыр, менім ауруым жазылғанның орнына диабеттің әсерінен жаңа аурулар туындап жатқанын яғни жүрек ауруларының пайда болуы т.б, қантымның жоғары болуының өзі, ұйқы безімнің жазылмағандығын және қызметінің нашар екенінің көрсететінін ескермей отыр.

Осы жағдайларымды газет арқылы қоғам талқысына салуды жөн көірп отырмын. Кейде қатал заңның тармақтарына ғана бағынатын мекемелердің науқастардың нақты жағдайын білгенімен де «әдептен аса алмайтындығы» бар. Біраз бөлімі кесіп алып тасталған ұйқы безінің енді қайта өспейтіндігі заңда қарастырылмаған секілді. Былай қарасаңыз қолы немесе аяғы шолақ адамдардың жағдайы секілді нәрсе ғой.

Мен қазіргі таңда отбасымды асырау үшін ептеп жұмысқы шығып, күзетші болып істеп жүрмін. Алайда демалыстың бір қалыпты болмауы ішкі ағзаларыдң қызметіне тікелей әсер ететіндіктен, үнемі ауырсынуды сезінемін. Әрі қант мөлшері тез құбылып отырады. Оған қоса жүрегімнен де ақау шыққандығын жоғарыда айтып өттім. Мүмкін бұл хатымы құзырлы мекемедегі тұлғалар ескерер, немесе комиссия қаперіне алар деген үмітім де жоқ емес.

Мұрат Қалиолла
23.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 514
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 620
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 625
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 616
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 621
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 397

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11701
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10630
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13863
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12821
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17826