Кибербуллинг заңнамасының мәні неде?

Кибербуллинг   заңнамасының   мәні неде?

Жалпы кез келген мемлекет тіршілігі Конституциялық заңда көрсетілген құқықтық заңдармен реттелетіні белгілі. Мәселеге осы тұрғыдан келсек,  ел тіршілігінің барлық саласын мемлекеттік органдар басқаратыны да ақиқат. Ондай органдардың негізгі қызметі – заң мен құқық тәртібін, адамның құқығы мен бостандығын қорғау, қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресу болып табылады. Ал, осындай аса маңызды істі жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституциялық кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемлекеттік институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т.б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік шаралар да кіреді.  Құқық қорғау органдарына: сот, төрелік сот, конституциялық сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, төрелік, кедендік бақылау, қаржы полициясы органдары және т.б. жатады. Жоғарыда аттары аталған құқық қорғау органдарының іс-әрекеті аясына кибербуллинг те кіреді. Соңғы кездері цифрлық қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін, балалар арасында теріс бағыттар тек кибербуллингтен емес, басқа да келеңсіз жәйттерден белең алып келе жатыр, сондықтан әлеуметтік желілерді бұғаттау керек деген пікірлер жиі айтыла бастады. Осы мәселеге қатысты өз ойын білдірген  «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Қазбек Майгельдинов: «Кибербуллинг –  қандай да бір сөз бостандығын шектеу емес, оны олай деп деп әсірелеудің керегі жоқ. Шын мәнінде журналистер қоғамға жағымсыз кері ақпарат  беруге мүдделі емес. Олар керісінше, еліміздегі заңдандыру мәселелеріне ден қояды. Сондықтан БАҚ өкілдері ондай пікірлерден қорықпауы керек деп ойлаймын. Себебі, елдегі қолданыстағы Заң сырт елдердегі кері топтардың әрекетіне қарсы жүргізіледі. Бүгінгі таңда заңды қарастыру барысында әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесі қаралды. Алайда, бұл заңға Сенат өз ұсыныстарын айтып, оған өзгерістер енгізуді талап етті. Сенаттағылардың айтуынан белгілі болғандай, әлеуметтік желідегі контент тек қана балаларға қатысты болса ғана ол мәселені Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аясында құрылған жұмыс тобы қарастыруы тиіс екендігі айтылды. Әлбетте, мұндай бағыттағы іс-шараларды тынымсыз жүргізу қажет те,  өйткені суицид бойынша еліміз әлемдік деңгейде алдыңғы қатарда келеді. Оның бірден-бір себебі – әлеуметтік желідегі әлімжеттіктің белең алғаны. Себебі қазір гаджет кез келген жасөспірімнің қолында бар дүние. Олардың сол арқылы қандай да бір ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігі мол. Оның ішінде өздеріңіз білетіндей, «Синий кит» деген де бар. Бұдан басқа әртүрлі кері бағыттағы топтардың құрылуы мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Міне, сондықтан да бұл заңды құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы деп қарастыруға болады», – дейді. 

Ермек САХАРИЕВ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9116
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9508
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722