Өткен аптада елордамызда «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне арналған «Kids and innovation: Идея. Даму. Креатив» атты республикалық форум өтті. Оқушылар сарайының концерт залындағы шара ең алдымен болашақ жұлдыздарымыздың сахналаған «Ертөстік» ертегісімен басталды.
Аталмыш форумда заманауи инновациялық шешімдер мен әдістерді таныстырып, балабақшада балалардың білім алу сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер мен ресурстарды ортаға салу көзделген. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, «Форумға қатысушылар ең үздік білім беру тәжірибелерімен танысып, балабақшаларда педагогикалық әдістемелер мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдарын талқылайды. Форум аясында сарапшылар мен практик мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға мектепке дейінгі білім беру саласындағы соңғы тенденциялар мен өзгерістер туралы құнды ақпарат ұсынады» екен. Шара аясында балабақшадағы инновациялық әдістер, «Цифрлық әлемдегі балалық шақ» көрмесі өтті.
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ