Конституцияның 30 жылдығына арналған чемпионат

Конституцияның 30 жылдығына  арналған чемпионат

Астана іргесіндегі «Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешенінде Конституцияның 30 жылдығына арналған ат спортының қалалық ашық чемпионаты жалауын желбіретті.

Ауқымды додаға елордамыздан және Қарағанды облысынан келген 80-нен астам шабандоз қатысып, сәйгүліктерімен бірге шеберліктерін сынады. Таңғы самалмен басталған жарыс барысында спортшылар 12 түрлі маршрут бойынша бақ сынады.

«Бұл чемпионат – елорда жұртшылығын спортқа баулуымен қатар, тәуелсіздік құндылықтары мен Конституцияның мәртебесін дәріптеуге бағытталған. Ат спортына арналған бұл ашық чемпионаттың мақсаты – ұлттық олимпиадалық спорт түрлерін дамыту, жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салтына баулу, сондай-ақ жылқы мәдениетін дәріптеу болып саналады. Сонымен бірге жарыс арқылы спортшылардың тәжірибесін шыңдап, еліміздің ат спорты саласына жаңа есімдерді тарту көзделген. Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері кешкісін салтанатты түрде марапатталмақ», – деді «Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешенінің басшысы, ат спортының олимпиадалық түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов.

Айта кетейік, аталмыш іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ қалалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтті.

Сондай-ақ Жетісу паркінде Қазақстан Республикасы «Хас шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығы мен «Өнерпаз ұрпақ» ҚҚ бірігіп, балалар мен жасөспірімдерге арналған «БІЛІМ ФЭСТ» атты іс-шараны ұйымдастырды.

Бұл шара Қазақстан Республикасының Конституция күні мен Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттауға арналған ерекше оқиға болды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық сана мен рухани тәрбиені өскелең ұрпаққа жеткізу.

Көрме аясында келушілерге қазақтың қолөнер бұйымдары мен ұлттық киімдері таныстырылды. Қолөнершілер мен шеберлер өз туындыларын көрсете отырып, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлерін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ жастар мен ата-аналар арасында Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдеріне арналған пікірталас өтті. Шара барысында балалардың құқықтары мен міндеттері туралы сұхбат жүргізілді.

«Бүгінгі шарада ұлттық құндылықтардың барлығы да жарқырап тұр. Әсіресе, қазақтың қолөнері мен киімдерін көріп, жастарымыздың осы құндылықтарға қызығушылығы артқанын байқадым. Бұл өте маңызды және пайдалы шара», – деп атап өтті музыка пәнінің   мұғалімі  Ұмсынай  Сырымбекова.

 

 Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

04.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17755
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17605
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32792
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31361
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35034