Талдықорғанда 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде ТЖД қызметкерлері азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп, өртті сөндіру іс-қимылын пысықтады. Бұл оқу-жаттығудың мақсаты – биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру үшін қажетті күштер мен құралдардың жедел әрекет етуін анықтау. Сонымен қатар адамдарды құтқару және эвакуациялау тактикасын пысықтау. Халықты қауіпсіздік ережелеріне оқытуға бағытталған.
Төтеншеліктер тактикалық шартқа сәйкес әрекет етті. Оқу-жаттығу сценарийі бойынша жертөледегі электр қораптың қысқа тұйықталуынан өрттің жоғарғы қабаттарға таралуына қауіп болды. Жоғары дәрежелі шақыру орнына сигнал түскен кезде барлық өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді. Олар полиция, жедел жәрдем, энергетика, газдың авариялық қызметтері бірлесе әрекет етті.
Шақыру орнына келгеннен кейін жедел өрт сөндіру штабы және шартты өртті құтқару, эвакуациялау және сөндіру бойынша 5 жауынгерлік учаске құрылды. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің өзара іс-қимыл жасайтын күштері уақытылы келіп, іс-қимылдардың үйлесімділігін көрсетті. Төтенше жағдайлар министрлігі халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағыт алды. Осыған байланысты өскелең ұрпақ пен олардың ата-аналарының қауіпсіздік мәдениетін арттыру шеңберінде өрт туындаған жағдайда іс-қимыл бойынша шеберлік сыныптары, ТЖ туындаған кезде халықтың сауаттылығын арттыруға бағытталған нұсқамалар мен профилактикалық әңгімелер өткізілді.