Көпшілік қолдамаған меморандум үкіметке несімен жақты?

Көпшілік қолдамаған  меморандум үкіметке  несімен жақты?

20 қыркүйек күні Қазақстан Үкіметі мен «Сбербанк России» акционерлік қоғамының арасындағы меморандумға қол қою туралы Үкімет қаулысы жарияланды. Бұл өзі қоғамды дүрліктірген мәселе болатын. Осы әңгіменің алғаш «исі» шыққанда   әлеуметтік желі қолданушы халық «Тәуелсіздікпен қоштас, Қазақ!», «Бар құпия құжат Ресейдің қолына көшті!» деген тәріздес жазбаларды қарша боратқаны есімізде. Бірақ халықтың шуылын, биліктің «гуілі» басып кеткені байқалады.

Сонымен халықтың қарсылығына тап болған меморандумға Үкімет жылы қабақ танытып отыр. Себебі меморандумаға қол қою туралы қаулыда Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрлық трансформация мен цифрландырудың платформалық моделіне көшуге мүдделі екені айтылған.  «Қазақстандық бағдарламалық қамтылым әзірлеушісі – «BTS Digital» ЖШС (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 40% үлесі бар ERG тобының еншілес компаниясы) цифрлық платформалық шешімдерді жасау ісінде технологиялары, тәжірибесі мен құралдары бар «СБЕР» компаниялар тобының стратегиялық әріптесі болып айқындалды. Жалпы практикадағы тең құқықтық, ізгі ниет, құрмет пен сенім негізінде әрекет ете отырып, «СБЕР» компаниялары тобының стратегиялық әріптесінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қазақстан Республикасына тиесілі бейінді ұйымдарының қатысуымен жобаны іске асыру үшін арнайы консорциум құру туралы шешім келісілді», – делінген құжатта.

Меморандум аясында 2021 жылдың соңына дейін «Сбер», BTS Digital және оның үлестес тұлғасы арасында govtech платформасын мамандандырылған деректер орталығының базасында орналастыру үшін қорғалған динамикалық инфрақұрылым құру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Сбербанк» ЖАҚ арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен «ҰАТ» АҚ-ға кредиттік желі беру туралы келісім жасалмақшы. Кредиттік желі Ресей рублімен, 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін 500 млн миллион доллар көлемінде беріледі. Құжат бойынша «СБЕР» компаниялар тобы ұсынылатын бағдарламаның ақпараттық қауіпсіздігіне, құжаттан тыс функциялардың жоқтығына кепілдік беруі тиіс. Ал «GovTech» платформасының және ондағы деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына жүктеледі.

«СБЕР» компаниялар тобы Қазақстан тарабына «Platform V» платформасының компоненттеріне кодтық аудит жүргізу мүмкіндігін береді. Бұл ретте шетелдік техникалық мамандардың «GovTech» платформасының және «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қолжетімділігі Қазақстанның мемлекеттік техникалық қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі қоятын талаптарына сәйкес болуы керектігі айтылған. «Меморандум тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Меморандумның қолданылуы тараптар құжатта көрсетілген ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша міндеттейтін келісімдерге қол қойған күннен бастап, 2022 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей тоқтатылады. Осы меморандум тараптардың бірінің бастамасы бойынша екінші тарапты отыз күн бұрын жазбаша хабардар ету арқылы кез келген уақытта бұзылуы мүмкін», – деп жазылған қаулы мәтінінде.

Еске салсақ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин көпшілік арасында қызу талқыланып жатқан аталмыш мәселе бойынша түсініктеме берді. Ал Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов осы мәселе бойынша Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдағанын айтпай кеткеніміз жарамас. Бұл құжат халықтың қатты қарсылығына тап болғасын министр Бағдат Мусин осы мәселе бойынша «Qazaqstan» телеарнасыдағы «Ashyq alań» бағдарламасында көрермен сұрақтарына жауап та берген болатын.

Сонымен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «күштінің құйрығы диірмен тартып» Қазақстан Үкіметі мен «Сбербанк России» акционерлік қоғамының арасындағы меморандумға қол қою туралы Үкімет қаулысы жарияланды. Артының қалай аяқталары белгісіз... Сөзіміздің басында айтқанымыздай бұл құжатқа ел арасында қарсылар өте көп болды. Соның бірі белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт ФБ парақшасына: «Ит үреді, керуен көшеді» деген мақал, оның нені білдіретіні бәрімізге мәлім. Бірақ, соңғы кезде біздің сүйікті билігіміз ит деп халықтың өзін меңзейтін секілді. Әрине, ашып айта алмайды, бірақ, ісі соны көрсетеді. Мысалы жақында ол «атом стансасын салуымыз қажет» деді. Біраз күннен соң цифрландыру ісін Ресейдің «Сбербанк» күшімен іске асырамыз деп, екі ел арасындағы меморандумға қол қойды. Бұл 30 жылдан бері «атом стансасы қажет емес» деп келген қазақ тағы да дей берсін, меморандумға да қарсы шуласа шулай берсін, яғни, үре берсін, ал, біз өз тірлігімізді тындыра берейік, үріп-үріп өздері үшін қояды деген сөз емес пе?

Ендеше, біз «атом стансасын салуға және цифрландыру ісін бөтен елдің еркіне беруге қарсымыз» деп ҚР Президентіне хат жазуға тиіспіз. Оның мәтінінің заң талабына сәйкес, сауатты болуына заңгерлеріміз көмектесер. Жүз адам, тіпті мың адам қол қойса, Ақ Орда елемеуі мүмкін, ал, жүз мыңдап (миллиондап болса тіпті жақсы) қол қойсақ, есептеспей тұра алмайды!

 

 

Нағашыбай Қабылбек
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 177
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 398
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 361
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 979

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660