КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОРТАҚ ЖЕҢІСКЕ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ОРТАҚ ЖЕҢІСКЕ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ
Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Дүбірлі сында Қазақстан ұлттық құрамасы айқын басымдықпен көш бастады. Ортақ жеңіске Түркістан облысының өрендері айрықша үлес қосып, 30-ға жуық медаль еншіледі. Нақтырақ айтқанда, 16 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль олжалады. Айрықша айтып кетейік, 16 алтынның 10-ын Төлеби ауданының сайыпқырандары иеленіп, ұлттық спортта көш басында екенін көрсетті.
Чемпиондарға тоқталсақ, қазақ күресінен әйелдер арасында барлық қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, боз кілемде атой салған түркістандық ару Айжан Жылқыбаева, алыптар сайысында Арыс қаласының бетке ұстары Азамат Мақұлбеков әлемнің 16 елінен келген апайтөс алыптарды қапы қалдырып, жеңімпаз болды. Жамбы атудан үш бірдей спортшы мергендігімен көзге түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жамбы атудың Азия стилінен Батыр Бексауыт топ жарса, Түркі стилінен Ералхан Айкөз чемпион болды. Ал төрт түркістандық көкпаршы ұлттық құрамада өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Қоса кетейік, теңге ілуден Рахат Қамбаров барлық теңгені іліп, жеңістің шыңын бағындырса, шапшаңдық пен ойлау қабілетін талап ететін зияткерлік ойын түрі овариден Әсел Далиева барлық қарсыласынан айласын асырып кетті. Жеңісті жолды асық атудан Айтқұлов Амандос жалғап, алтыннан алқа тағып, ел мерейін асқақтатты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 АЙДА 596,3 МЛРД. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.09.2024 76
«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.09.2024 69
Алтын Орданы құлатқан Ақсақтың хаты
Ұларбек Дәлейұлының facebook парақшасынан - 17.09.2024 105
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 15.09.2024 206
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 310
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 327

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4715
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4164
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6703
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5125
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6328