Күзде оқушы қыздарға жаңа вакцина салынады

Күзде оқушы қыздарға жаңа вакцина салынады

Қыркүйекте оқушы қыздарға жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусына қарсы екпе салынады деп жоспарланып отыр.

Алматы, NEGE. 350 000 екпе дозасы 9 млрд теңгеге сатылып алынады. Ол 170 000 адамға жетеді. Екпе екі рет салынады. Бұл вакцина жатыр мойны обырын тудыратын папиллома вирусының алдын алу үшін салынады. Вакцинаның маңыздылығы туралы «Біздің дәрігер» жобасына сұхбат берген жоғары санатты онкогинеколог Бақытжан Әлібекова түсіндіріп берді.

Дәрігердің айтуынша, елімізде әйелдер арасында жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын шамамен 1800 әйелге жатыр мойны ісігі диагнозы қойылады. Оның ішінде шамамен 600 қыз-келіншек осы дерттің құрбаны болады. Сондықтан жатыр мойны обырының профилактикасы ретінде салынатын папиллома вирусына қарсы салынатын екпеден қорықпау керек.

Бұл екпе неге 11 жасар оқушыларға салынады деген сауал ата-аналарды алаңдатып отыр. Себебі аталмыш вакцинаның ережесі бойынша қыздар жыныстық-қатынасқа түспей тұрып салынуы керек. Екпе оқушы қыздардың ата-анасының рұқсатымен ғана салынады.

Адам папиллома вирусына қарсы вакцина әлемнің 100-ден аса елінде оқушыға қыздарға салынады. Кей мемлекеттерде екпе ұлдарға да салынады. Осы вакцинаны арқасында жатыр мойны обырына шалдығатын әйелдердің саны 80-90% төмендеген. Ал көрші мемлекеттер Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстанда да оқушы қыздар жасына сай екпе алып жүр. Біз вакцинадан емес, ауру тудыратын вирустан қорқуымыз керек дейді онкогинеколог. Әйелдер ауруды ерте анықтау үшін уақытылы скринингтен өтуі маңызды. Өйткені жатыр мойны обыры 3 - 4 сатыға өткен кезде онымен күресу қиын және ол өмірді қысқартатынын естен шығармау керек.

Kazinform.
12.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 146
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449