Лагерьде IT-технологиялар оқытылмақ

Лагерьде IT-технологиялар оқытылмақ

 

2024 жылдың 27 маусым күні Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен елордалық оқушыларға арналған жазғы лагерь жобасы аясында «ASTANA POLYTECHNIC» жоғарғы колледжінде мектеп оқушыларына арналған «Балалар кәсіби лагерінің» жұмысы көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылар лагерьде IT-технологиялар әлемінде жаңа білімді үйреніп, уақытты тиімді өткізе алады. Олар Web әзірлеу, Графикалық дизайн, мобильді робототехника және 3D модельдеу бағдарламаларын игере алады. Жоба IT-құзыреттілік орталығы арқылы балалардың қабілеттерін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау, сондай-ақ кәсіптік даму траекториясын қалыптастыру және оқушыларға мамандық таңдауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылған. «Бүгін мен мектеп лагеріне бардым. Мұнда оқушылар IT-технологиялар әлеміндегі ең жаңа және маңызды білімді алады және бос уақыттарын бірнеше бағытта үлкен пайдамен өткізеді. Маған бәрі өте ұнады», – деді шараға қатысушы Алдияр. Осы жылдың жазғы кезеңінде жазғы демалыстың барлық түрлерімен 1-10 сыныптардың 200 мыңнан астам оқушысы қамтылатынын атап өткен жөн. 

04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 512
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 486
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 489

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13571
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13538
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28659
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27332
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30843