Маңғыстауда 700-ге жуық адам қайтарымсыз грант ұтып алды

Маңғыстауда 700-ге жуық адам қайтарымсыз грант ұтып алды

Өңірде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 692 адам қайтарымсыз грант алып, кәсібін өркендетіп отыр. Олар осылайша қосымша 68 жұмыс орнын ашқан. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шыңғыс Дүйсенов хабарлады.

Оның айтуынша, грант сомасы 583 400 теңгені құрайды.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында тұрғындарға қайтарымсыз грант беріледі. Биыл оны ұтқандар қаражатқа еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар, қажетті инвентарлар және үй жануарларын сатып алған. Бұдан бөлек, облыста өз кәсібін ашқысы келетін және бұрын кәсіпкерлікпен айналыспағандар үшін «Бастау Бизнес» жобасы бар. Жоба аясында кәсіпкерлік негіздері оқытылады. Биыл 1 028 адам қатысты, олар енді қайтарымсыз гранттар мен микрокредит ала алады»,-деді Шыңғыс Дүйсенов.

Жалпы, облыста жұмыс жасауға қабілетті - 352 527 адам, оның ішінде 335 270 адам жұмыспен қамтылған. Бүгінгі таңда жұмыссыздар саны 17 257 адамды құрайды, бұл экономикалық белсенді халықтың жалпы санының 4,9% және жұмыссыздық деңгейі болып табылады.

Бүгінгі таңда облыстың Жұмыспен қамту орталықтарында 10 018 адам жұмыссыз ретінде тіркелген (оның ішінде 6292-сі әйелдер, 4115-і 16-29 жас аралығындағы жастар).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қамтамасыз етудің бір құралы – облыс тұрғындарын жұмыс күші тапшы өңірлерге өз еркімен көшіру. Бұл Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары. Яғни, ниет білдірген әрбір адам баспанамен және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері аталған өңірлерге 37 отбасы мен 124 адам өз еркімен қоныстандырылды.

23.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 89
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 99
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 561
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 509

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9210
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8607
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11833
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9603
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10816