Маңызды міндет – тиімді жүйе құру

Маңызды міндет – тиімді жүйе құру

Адамзат қоғамының дамуында мемлекеттің алғашқы белгілері пайда бола бастағаннан кейін, осы қоғамды басқаруға арналған аппарат пайда болды. Бұл аппарат кейіннен бүкіл мемлекеттік басқару институтына айналды. Мемлекеттік басқару бойынша шетелдік әдебиеттерде «азаматтық қызмет», «қоғамдық қызмет», «үкіметтік қызмет» терминдері кеңінен қолданылатынын атап өткен жөн. Көбінесе бұл ұғымдар синоним ретінде пайдаланылады, тұтастай алғанда кәсіби мемлекеттік қызметшілермен жүргізіледі. Әлем елдерінің басым көпшілігінде азаматтық (қоғамдық) қызметте тұрақты кәсіби мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді және қызметіне қарай ауысып отыратын жоғары мемлекеттік шенеуніктер болып табылады.

Әдетте, шенеуніктер саяси қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік қызметке тағайындалады және олардың қызмет ету мерзімі партия басшысының Үкімет басында болған уақытына байланысты белгіленеді. Осылайша, мемлекеттік қызмет жүйесінде саяси қызметшілер де, кәсіби мемлекеттік қызметшілер де, мемлекеттік мекемелердің өзге де қызметкерлері де жұмыс істейді. Сондай- ақ, әр елдің дәстүрлері мен заңдарына сәйкес, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері айқындала отырып, мемлекеттік қызметтің ерекше тәртібі қарастырылады. Жоғарыда аталған кәсіби шенеунік институты ең алғаш рет Франция мен Германияда пайда болған.

Аталған елдерде мемлекеттік қызметтің континенттік құқық жүйесінің негізгі элементтері қалыптасып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық жүйесі құрылған. Осы құқық жүйесіне сәйкес мемлекеттік қызмет модельдері, оның ішінде, орталықтандыру, қатаң иерархия, біріздендіру, нормативтік реттеу жүзеге асырылған.

Қазіргі уақытта көптеген посткеңестік мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да әкімшілік реформаны дамытудың жаңа кезеңіне өтуде. Яғни, негізгі атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік басқару процестерін жетілдіруге, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға, кәсібилік деңгейін және мемлекеттік аппарат қызметінің нәтижелілігін арттыруға бағытталуда. Қоғамдық өмірдің барлық тараптарын посткеңестік кезеңге қайта құру барысында мемлекеттік басқару функциялары қайта бөлініп, мемлекеттік билік органдарының жаңа жүйесі мен құрылымы қалыптастырылды, әкімшілік басқарудың жаңа нысаны құрылды. Кейінірек 1993 және 1995 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасының Конституцияларында және конституциялық функцияларды іске асыру үшін өзге де заңнамалық актілерде өзіндік заңнамалық ережелер әзірленді.

Осылайша, мемлекеттік қызметтің қалыптасуының бірінші кезеңі өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасынан бастау алса, КСРО-ның қайта құрылуына байланысты азаматтық қоғамның белсенді мүшелері ел экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне, тәуелсіз еліміздің мемлекеттік құрылысының жаңа мақсаттары мен басымдықтарына сәйкес келмейтін мемлекеттік қызметті реформалау туралы айта бастады. Дәл сол кезде жалпы мемлекеттік басқаруды, атап айтқанда мемлекеттік қызметті реформалау жолдарын белсенді іздеу жүргізілді.

Қазақстанның саяси жүйесін қайта құрудың, оның ішінде мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті реформалау жолдарын белсенді іздестірудің қорытындысы 1993 жылғы 28 қаңтарда республиканың мемлекеттік қызметін тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптастырудың екінші кезеңін бастаған Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясының қабылдануы болды.

Аталған Конституцияның 17-бабында азаматтардың «мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы» бекітілді. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар тек лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты болды. Бұл ереженің тарихи маңыздылығы аталған құқықты заңнамалық тұрғыдан бекіту болды. Мұндай құқық КСРО-ның негізгі заңында болмаған, сонымен қатар, жеке заңдарда құқықтық регламенттелмеген.

Тұтастай алғанда, Кеңес одағында мемлекеттік қызмет туралы бірыңғай одақтық заң болмаған. Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдау барысында мемлекеттік қызметтің жұмыс істеуінің жаңа жағдайларға барабар үлгісін іздестіру үздіксіз жүргізілді.

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Осы сәттен бастап Қазақстанда «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнаманы дамытудың негізгі кезеңі басталады. Атап айтқанда, жаңа Конституцияның 33-бабының 4-тармағымен республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қолжетімділікке тең құқығы жарияланды, сондай-ақ, «мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар тек лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты болады және заңмен белгіленеді» деп айқындалды.

Келесі қадам, Конституцияның осы ережелерін іске асыру үшін 1995 жылғы 26 желтоқсанда заң күші бар Президенттің «Мемлекеттік қызмет туралы» Жарлығы әзірленіп, Қазақстанда мемлекеттік қызметті институттандыру процесі басталды. Онда оның негізгі принциптері, яғни мемлекет алдында азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы, жалпыға қолжетімділігі айқындалды. Осы актімен мемлекеттік қызметшілердің біліктілік санаттары енгізілді, мемлекеттік қызметке кіру, өту, тоқтату, мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау мәселелері регламенттелді, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары белгіленді және басқа да көптеген маңызды ережелер енгізілді.

Дегенмен, бірқатар прогрессивті ережелерге қарамастан, жоғарыда аталған Жарлық декларативті сипатта болды және азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасудың тең қолжетімділігін қамтамасыз етпеді. Алайда, осы нормативтік-құқықтық актіні қолдану барысында пайда болған көптеген жағымсыз белгілерге қарамастан, оның маңыздылығын бағаламауға болмайтынын атап өткен жөн. Өйткені, өтпелі кезеңде егемен Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекеттің маңызды институты ретінде мемлекеттік қызметті дамытудың негізін қалаған «Мемлекеттік қызмет жүйесі» ұсынылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті реформалау процесін қиындатқан объективті де, субъективті де проблемалардың көлемі артты. Олардың ішінде мемлекеттік қызметті реформалаудың тұжырымдамалық тәсілдерінің әзірленбегендігін, жаңа жағдайларда жұмыс істеуге қабілетті, құзіретті, кәсіби дайындалған мемлекеттік қызметшілердің жетіспеушілігін, тиісті жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар тарапынан мемлекеттік қызметті реформалау мәселелерінің үйлестірілмегендігін, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын лауазымдық талаптардың бірыңғай жүйесінің болмауын, олардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуының төмен деңгейін, басшылардың жеке қалауы бойынша кадрларды іріктеуін, мемлекеттік қызметшілерді ілгерілетудің әділетсіз жүйесін, мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық, парақорлық, жерлестік, отбасылық туыстық, рулық және жүздік байланыстардың болуын және тағы басқаларды атауға болады.

Бұл ретте, құзіретті, талантты, дарынды адамдарды мемлекеттік қызметке мақсатты түрде тарту және іріктеу жүйесінің әлсіздігін де атап өткен жөн. Аталған проблемаларды шешу үшін еліміздің басшылығы мемлекеттік аппаратты қажетті мөлшерде және білікті кадрлармен қамтамасыз ете алатын бірыңғай орталық орган құру жолын ашты.

Халықаралық және алдыңғы қатарлы елдердің даму тәжірибесіне сүйене отырып, негізгі мақсат – мемлекеттік саясаттың заң шығарушы, атқарушы және сот билігінен тәуелсіз мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесі мен кадр саясатын қалыптастыру болды. Осы және басқа мақсаттарды жүзеге асыру мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен жұмыс істеу принциптері мен ережелерін қатаң сақтаған жағдайда ғана мүмкін болатыны сөзсіз.

Басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметті басқару саласы ретінде қалыптастыру басқару бағытын нығайтқан жағдайда ғана орын алатынын атап өткен жөн. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай саясат жүргізу жолы жүзеге асырылды.

Тиісінше, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның және оның негізінде шығарылған заңға тәуелді нормативтік актілердің қабылдануымен отандық мемлекеттік қызметті дамытудың мүлдем жаңа кезеңі белгіленді. Халықаралық тәжірибеге жүргізілген талдау демократиялық мемлекеттердегі мемлекеттік қызметтің негізі – меритократия мен мемлекеттік қызметте адам ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттік қызметшінің жеке еңбегіне негізделген жүйе екенін көрсетті.

Меритократия қағидаты жаңа заңның негізін қалаған мынадай элементтерді қамтиды: мемлекеттік қызметке кіру және жоғарылату кезінде міндетті конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы, тең мәнді жұмысты орындағаны үшін бірдей еңбекақы төлеу, өз қызметінде тиімді нәтижелерге қол жеткізген мемлекеттік қызметшілерді бағалау кезінде көтермелеуге, нәтижелері толық қанағаттанарлықсыз адамдардың қызметін түзетуге және қызметінің нәтижелері қанағаттанарлықсыз қызметшілерді жұмыстан шығаруға, мемлекеттік қызметшілерді қызметінің нәтижелерін жақсарту мақсатында оқыту құқығы.

2011 жылы мемлекеттік қызмет институтын дамыту және одан әрі жетілдіру мақсатында «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы» бекітілді, яғни мемлекеттік билік органдарының, ғылыми қызметкерлердің, мамандардың жүйелі, ұзақ еңбегінің аясында, шет елдердің мемлекеттік қызмет модельдерін қалыптастырудың табысты тәжірибесін ескере отырып, отандық мемлекеттік қызмет институтын дамытудың жаңа тетіктері енгізілді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасын табысты іске асырудың нәтижесі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қажеттіліктеріне сәйкес келетін, мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне бағдарланған кәсіби мемлекеттік қызмет болып саналады. Бұл ретте мемлекеттік қызметтің қолданыстағы заңнамалық базасы да жетілдірілді.

Мәселен, Мемлекет басшысы 2015 жылғы 23 қарашада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға қол қойды. Заңның қолданыстағы редакциясы барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметшілеріне де қолданылады.

Жалпы алғанда, адам қызметінің кез келген саласы (немесе кәсібі) өзіндік кәсіби мерекесіне ие, оның ішінде, қоғам өмірінің сапасына үлкен әсер ететін мемлекеттік қызмет саласы да бар. Осы орайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 2003 жылғы 7 наурыздағы қарарымен 23 маусымды «Мемлекеттік қызмет күні» деп жариялауға шешім қабылдады. Аталған қарарда осы күні мемлекеттік қызметтің қоғам өмірі мен оның даму процесіне қосқан үлесі мен оның маңыздылығын айқындайтын арнайы іс-шаралар ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді марапаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің мансабы туралы шешімдер қабылдау мәселелері қамтылған.

Мемлекеттік қызметті дамыту жолындағы мақсатқа жету үшін мемлекеттік билік саяси реформаларды, институционалдық үйлестіруді, инклюзивті шешім қабылдау процесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімді, жауапты, әмбебап жүйелерін ілгерілету үшін инновациялық және интеграцияланған тәсілдерді қолдануы қажет. Осылайша, еліміздегі тиімді мемлекеттік аппараттың қалыптасуы – демократиялық, құқықтық, азаматтық қоғамның одан әрі дамуы мен жетілуін нығайтатын болады.

Лесбек ІЛЕБАЕВ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы.
22.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 362
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8432
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641