Мәселеге депутаттың көзқарасы

Мәселеге депутаттың көзқарасы

    Елімізде болып жатқан саяси оқиғалардың астарына үңіліп, оған өзінің жеке пікірін білдірген Мәжіліс депутаты Айдос Сарым: «Еліміздегі дүрбелеңдердің тасасында үлкен ойын болып жатқаны анық. Күдіктілердің Ақорданың төңірегінен табылуы – осының айғағы. Бүгіндері «Мемлекеттік төңкеріс», «террорист», «содыр» деген тіркестер жиі айтылатын болды. Тоқаевтың барлық билікті қолына шоғырландырып, едел-жедел жаңа үкімет құруы да көп нәрседен хабар береді. Жаңа Қазақстан құру туралы сөз қозғалып жатыр. Осының бәрі дүмпумен қатар жүріп жатыр. Азаматтардың бейбіт наразылығын белгілі бір топтар – оның ішінде күштік құрылымдардың жақтаушылары, өз мүддесі үшін, мемлекеттік билікті басып алу үшін, мемлекеттік төңкеріс жасау үшін пайдалануға тырысқаны анық.  Меніңше, елде билік үшін қырқыс басталған жоқ. Билік Президенттің қолында.  Бұған ешкімнің күмәні болмасын. Кімнің шешім шығарып жатқанын, Қауіпсіздік кеңесін кім басқарып отырғанын жағдайдың өзі нақты көрсетіп берді емес пе. Қазір біраз адам тұтқындалды. Біраз адам өздеріне қол салып жатыр. Президент сөзінде айтылғандай, біраз адамдар қызметін, қару-жарағын тастап кеткен. Мәселен, әуежайға тікелей тапсырма берілген дейді. Тапсырма берген кім? Ол жағы әлі анықтала жатар. Алаңға жиналғандар тек қана экстремистер мен қылмыскерлер емес. Олардың арасында қымбатшылыққа қарсы шыққан ел азаматтары да көп болды. Билік осының ара-жігін ажырата алады, оған парасат-пайымы жетеді деп ойлаймын. Ешкім ешкімді нақақтан жазаламайды. Оларды экстремистердің қатарына қосуға ешкім мүдделі емес. Тоналған, өртенген мүлік бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмысқа қатысы барлар ұсталып, тергеледі. Алдағы күндері прокуратура осы жайында дұрыс түсініктеме беруі тиіс деп ойлаймын. Президент басымызға қысылтаяң күн туған, өзінің бойында саяси ерік-жігерінің бар екенін осы күндері әбден дәлелдеген сияқты. Күші де, пәрмені де, өкілеттілігі де бар. Мұның екінші қыры да бар. Болған оқиғалар, төгілген қан бізді мүлде жаңа елде оятты. Қазір жаңа елде өмір сүріп жатырмыз. Бұл кешегі ел емес. Отыз жылдық жол емес. Кейбіреулердің еліміздегі үлкен саяси, экономикалық өзгерістерді жиырма адамның төбелесіне айналдырып жатқанына кейде таң қаламын. Мұның еш қисыны жоқ. Билікте түрлі адам бар, бірақ ақымақтар жоқ. Биліктегілер жаңа қоғамда өмір сүріп жатқанын жақсы түсініп отыр. Жаңа Қазақстанда бұрынғыша өмір сүру мүмкін емес. Батыл қадамдарға бармаса, Президенттің айтқандары істелмесе, кешегі жағдай бұдан он есеге үдеуі ғажап емес. Мұны бәрі айқын түсініп отыр. Сондықтан өте батыл әңгіме айтылып, сыншыл талдау жасалып жатыр. Күні кеше үкімет ауысып, оның жаңа құрамы бекітілді. Қазіргі үкіметке көңілім толады. Біріншіден, қазір қыс мезгілі. Екіншіден, төтенше жағдай. Басқару жүйесі абдырап қалса, не болатынын Алматыдағы оқиғадан көрдік. Президент қабылдаған шешімдерде «180 күн» деп көрсетілген. Демек, осы мерзім ішінде өзгерістің жаңа жолын ұсынасың, не сол бойы қаласың. Қазіргі шешімдердің көбі саяси жігермен қабылданып отыр. Нарықтық экономикада бағаны ұстап тұра алмайсың. Қазіргі үкіметтің басты міндеті – басқару жүйесінде әлсіздікке жол бермеу. Батыс саясаткерінің бірінің: «Сайлауда кім келсе де, билікке қаржы министрі келеді», – деген сөзі бар. Әлихан Смайылов ­– жақсы қаржыгер. Өз ісін жақсы біледі. Жақсы команда. Көбісі жастар. Істеп көрсін. Меніңше, үкімет қана емес, әкімдер де ауысуы тиіс.  Осы күндер кімнің кім екенін көрсетіп берді. Шалбар киіп жүрген әкімдеріміздің кейбірінің Гүлшара апайымызға жете алмай қалғанын жұрттың бәрі көріп отыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты нақты шешімдер қабылданады деп ойлаймын.  Қазір парламент туралы заңды, регламенттерді өзгерткелі жатырмыз. Депутаттық сауалға қағазға қарап жауап бермеуі керек деген қағидатты қоямыз. Сонда депутаттардың алдында өтірік айтып көрсін! Сонда басқаша мәдениет қалыптасады. Халықаралық қағидат бойынша, төтенше жағдайдан кейін алты айға дейін сайлау өткізуге болмайды. Сондықтан артық әңгімелерден гөрі шынайы, нақты мәселелерге назар аударған жөн»,— дейді.

Ермек САХАРИЕВ
13.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 538
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799