Мәсімовпен бірге кімдер ұсталды?

Мәсімовпен бірге кімдер ұсталды?

   Елдегі бүлік кезінде ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызметінен шеттетіліп, іле-шала ұсталғаны белгілі. Онымен бірге «бірқатар тұлғалардың» қамалғаны да хабарланған-ды, алайда олардың кімдер екені, аты-жөндері айтылмаған еді.  Бүгін ҰҚК-нің ресми сайты : «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды. Тергеу жалғасуда»,— деп хабарлады.

Еске сала кетсек, А.Садықұлов әр жылдары Президенттің күзет қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды. ҚР Президенті күзетінің құрметті қызметкері. Соңғы атқарған лауазымы – ҰҚК төрағасының орынбасары әрі арнайы мақсаттағы «А» қызметінің директоры. Ал онымен бірге ұсталған Д.Ерғожин ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Мәсімовтің орынбасарларының бірі болған. 

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5612
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5759
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20726
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19355
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22822