Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы

Мәслихат депутаттарының  ІІІ республикалық форумы

12 наурызда Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы болып өтті. Форумға еліміздің әр аймағынан келген 2000-нан астам депутаттар елордада бас қосып, жергілікті басқаруды дамыту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылады.

Алқалы жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы, мәслихаттардың елдің саяси жүйесіндегі орны ерекше екенін атап өтті. Әрі форум қатысушыларының пікірі мен ұсыныстарына ризашылығын білдіріп, айтылған ой-пікірлердің Парламент пен Үкіметтің алдағы жұмысына ескерілетінін атап өтті.

– Шын мәнінде, бұл кездесу еліміз үшін аса маңызды. Бүгін залда миллиондаған отандасымыздың мүддесін қорғап жүрген екі мыңға жуық депутат отыр. Сіздер халықпен тығыз жұмыс істеп, олардың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жақсы білесіздер, – деді Президент.

Тоқаев мұндай жиынның өңірлік саясаттың тиімділігін бағалауға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол Қазақстанда кең ауқымды тарихи өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын, барлық бастамалардың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын жеткізді. Президент мемлекеттік басқару жүйесі, экономика және әлеуметтік саладағы реформалар туралы айтып, мәслихаттардың рөлі айрықша екенін атап өтті.

«Өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді. Біз мәслихаттардың беделін көтердік және олар мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты институттардың біріне айналды. Дегенмен, олардың әлеуетін одан әрі дамыту үшін бірқатар міндеттерді орындауымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Форум барысында депутаттар өңірлік мәселелерді талқылап, халықтың сұранысы мен қажеттіліктеріне бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
18.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24047
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23717
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41198
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37122
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41383