Отыз бес жылда қолымыздан ештеңе келмей, өз тілімізді өзіміз өгейсітіп отырғанымыз ба? Қазақша мектепке бала жиналмай қалуы жай ғана «бір мектептің мәселесі» емес, тұтас ұлттың трагедиясы!
Бұл – ұлтсыздықтың шырқау шегі!
Бұл – мемлекеттік тілдің қорланғаны!
Бұл – ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер!
Баласына өз тілін үйретпеген ата-ана ертең өз ұрпағын мәңгүрт етіп отырғанын түсіне ме екен?
Ана тілін өгейсіткен халық ешқашан мемлекет болып тұра алмайды.
Мектеп қазақша болмай, мемлекет қазақша болмайды.
Балабақша қазақша болмай, болашақ қазақша болмайды.
Бүгінгі Көкшетаудағы жағдай – биліктің отыз жыл бойы ұлттық идеологияға немқұрайды қарауының ащы нәтижесі.
Орыстілді сынып ашуға жанұшырып тұратын шенеуніктер қазақша сыныпқа келгенде неге үнсіз? Неге өз тілінің тағдырына балта шауып отыр?
Мен мұны «ата-аналардың таңдауы» деген сылтаумен бүркемелеуді бос сөз деп білемін! Мемлекет ең алдымен ұлттың мүддесін қорғауы тиіс!
Тіл – жеке біреудің таңдауы емес, ұлттың тағдыры, мемлекеттің болашағы.
Қазақ мектебі – мемлекеттің тірегі.
Қазақ тілі – ұлттың іргетасы.
Қазақ тілінсіз – тәуелсіздік те, елдік те жоқ!
Көкшетауда қазақ сыныбына бала табылмай отыр деген хабар – бізге соңғы дабыл қаққан қоңырау!
Егер осыған селқос қарасақ, ертең қазақ мектебі түгілі, қазақтың өзі қалмайды!
Ұлттық санасы оянған әр ата-ана, әр ұстаз, әр азамат дәл қазір үн қосуы керек!
Қазақ сыныбына бару тек өз балаң үшін емес, тұтас ұлттың тағдыры үшін күрес екенін ұмытпайық!
Қазақ мектебінсіз қазақ мемлекеті болмайды!
Айгүл Құрманбек