Махаббатты мойындамайтын әже

Махаббатты мойындамайтын әже

Жақында бір ағайынның үйінде  қонақта болдым. Жиналған меймандардың көбі жастар екен. Әсіресе қыз-келіншектердің қарасы көп. Төрде отырған апа осы үйдің құдағиы екен. Кәдімгі ақ жаулықты әже. Салиқалы,  салмақты бәйбіше болғаны байқалады. Сөйлеген сөзі де жүйелі.

 Жүзі сондай жылы. Әзілге де жақын секілді, келіндерін, қыздарын күлдіріп қояды арагідік... Бәрі мәз-мейрам. Мен де кейбір қазақы әзілге жымиып отырмын. Шәй үстінде асаба қызметін атқарып жүрген жас бала: «Ал, әже, тойбастар сізден болсын. Жастық шағыңызды еске алып, махаббат туралы бір ән шырқап жіберіңіз», –  деп қолқа салды.

Төрде отырған  әже бір жымиып қойды да: «Мен махаббат-сахаббатыңды білмеймін, қарағым. Ол не нәрсе? Бұйым ба?  Қолға ұстап көретін зат па?» – деп, отырғандарды бір күлдіріп алды. Сол-ақ екен жиналған қонақтардың ішіндегі бір жас қыз: «Әже, махаббат болмаса, күйеуге қалай шықтыңыз?» – деп таңданысын жасырмады. Бәріміз құлағымызды түре қалдық.

Ақ жаулықты әже тағы бір рахаттана күліп алды да: «16 жасымда әкем мен шешем:  «Мына жігітке тұрмысқа шығасың, тегі жақсы, әке-шешесі тәуір кісілер, сені жылытпайды», – деп мені ұзатып жіберді. Ата-анаға қарсы келу қайда,  кете бардым. Жаман болғаным жоқ. Ата-енем өз қызындай қарады.  Кейін күйеуім екеуміз бір-бірімізді жақсы көріп кеттік. 50 жыл отастық. Алла берген бес ұл, бес қызды тәрбиелеп өсірдік. Жақсы адам еді шалым, қайтқанына төрт-бес жыл болып қалды.

– Сонда өмірі көрмеген күйеуіңізді сүйіп кеттіңіз бе? – деді әлгі қыз таңданысын жасырмай.

– Айналайын-ау, сүю-күю дегеніңді түсінбеймін. Ол не нәрсе тағы да? Ата-ана қызына жамандық ойламайды ғой ешқашан. Ризамын әке-шешеме. Басында жатырқап жүрдім. Бұрын көрмеген адамым ғой. Кейін күйеуімді қалай жақсы көріп кеткенімді өзім де білмеймін. Ол да мені жақсы көрген шығар, әйтеуір арагідік тамағымнан сүйіп қоятын, – деп жымиып қойды. Осы кезде орта жастағы бір әйел: 

– Күйеуіңіз Сізді сабаған кезі болды ма? – деп тосын сұрақ қойсын.

Әжеміз жымиып: 

– Енді өзіміз бастаймыз ғой бәрін. Анау жоқ, мынау жоқ деп. Ондай болып тұрды, әрине. Бірақ үйге қашу деген ой болмапты баста. Ажырасу деген ой түсіме кіріп көрмепті. Әйтеуір, төсектен тұрғанда татуласып оянатын едік, – деп, дастарқан басындағыларды тағы күлдірді.

– Жұмыстан сіркесі су көтермей келген еркектің қарнын тойдырмай, ентігін бастырмай әңгіме айтпаған әйел ұтады, негізі. Махаббат-сахаббат деген кейін келетін сезім ғой, – деп әжеміз әнге басты. 

Айтқан әні «Мариям Жагор деген орыс қызы». Отырғандар түгел әнге қалай қосылғанымызды білмей қалдық.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 80
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 602
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 719
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 631
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 641

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8776
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8176
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11405
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9159
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10390