Мәжіліс депутаттары ауыл жастарынан құрылған еңбек бригадасымен кездесті

Мәжіліс депутаттары ауыл жастарынан құрылған еңбек бригадасымен кездесті

 

 

Астана, 3 шілде, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісдепутаттарының өңірлерге сапары басталды. 

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысы, Сырдария ауданында болып, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. 

 

Сапар барысында Айдарлы елді мекенінде егін даласында жұмыс істеп жатқан ауыл жастарынан құрылған еңбек бригадасы мүшелерімен кездесті. Еңбек бригадасы 2019 жылы 15 жастың бірігуімен республикада алғашқылардың бірі болып құрылған. 

 

 

Облыс әкімінің қолдауымен аудандағы жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында ауданға қарасты 7 ауылдық округтен (Шіркейлі, Айдарлы, А.Тоқмағанбетов, Аманкелді, Бесарық, Жетікөл, Қоғалыкөл а/о) жастар бригадалары қайта құрылды. 

 

 


Бүгінде еңбек бригадалары қатарында жұмыссыз, 
NEET санатындағы, пробация есебінде тұратын 200-ге жуық жастар жұмыс істейді. Ауыл жастарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. Мәселен, тегін уақытша жер беріліп, демеушілік есебінен жер жырту, егін алқабын қоршау және жанар-жағармай отынымен толыққанды қамтамасыз етілген. Ауданның еңбекқор жастары бүгінде 35 гектар картоп дақылын және 25 гектар жерге бақша дақылдарын егіп отыр. 

 

 


Жиында
 жастар бригадаларының мүшелері депутаттарға өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, сұрақтарын қойды

Өз кезегінде депутаттар жастарға «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» партиялық жобалары аясында ауыл жастарына бос жатқан жерлерді тиімді игеру тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсетілу керектігін атап өтті. 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Ақпарат партияның Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша әзірленді)

 

03.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 53
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 580
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 694
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 609
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 618

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8754
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8154
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11383
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9137
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10368