МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚАЙ ЖЕРДЕН ҚАТЕЛЕСТІ?

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚАЙ ЖЕРДЕН ҚАТЕЛЕСТІ?

Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева Парламент Мәжілісінен кетті. Мандатын тапсыруға  не себеп болғаны әзірге белгісіз. Хабарласуға ұялы телефоны сөндірулі. Демократиялы елде өмір сүріп жатқандықтан, әр адамның өз ойын айтуға құқы бар екені белгілі.

Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева ана мен бала құқын және көпбалалы аналардың жанайқайын Үкіметке жеткізуден тайсалған емес. Аналардың зейнет жасына қатысты да,  бала капиталы туралы да депутаттық сауалдар жолдаудан алдыңғы орында тұр. Белсенділігімен де көзге түсіп жүрген көпбалалы ана өзі...

Өңірлерге жұмыс сапары барысында Меркі, Т.Рысқұлов аудандарының көпбалалы аналарымен кездесіп, өз ойын ашық білдіргені де ел есінде.  Гаухар Танашева Үкімет көпбалалы аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беруі керек екенін атап өтіп, ана мен бала ешнәрсеге мұқтаж болмай өмір сүруге тиіс екендігін ашық айтқаны рас.

– Көпбалалы аналар демографиялық дүмпу жасап отыр. Олар болашақ отан қорғаушыларды, салық төлеушілерді, еңбек күшін, ғылым мен білімге өлшеусіз үлес қосатын ғалымдарды тәрбиелеп жатыр. Үкімет осыны назарға алып, көпбалалы отбасыларға үздіксіз қамқорлық танытуы керек, – деді депутат.

Г. Танашева көпбалалы ана масыл емес дегенді де  шегелеп жеткізген сол жолы.

– Көпбалалы аналарды жұмыс істемегені үшін масыл деуге болмайды. Осылай ойлайтындар мен айтатындарға ойы мен сөзін, ұстанымы мен психологиясын өзгерту қажет, – деген еді ол.

Депутат көпбалалы отбасылар көп жағдайда ипотека рәсімдей алмайтынын, сондықтан Үкіметтің арзан бағамен жалға беретін тұрғын үйінен үмітті болатынын айтты.

– Көпбалалы аналардың зейнетке шығу мәселесін де біріздендіру қажет. Қазір бізде 5 баласы бар көпбалалы ана зейнетке 53 жаста шығады. Біз 4 баласы бар көпбалалы аналар да осы жаста зейнетке шығуы керек деген мәселені көтердік. Нақты нәтижеге жету үшін уақыт қажет, – деді депутат.Осылайша қоғамдағы көпбалалы аналардың, жетім балалардың жоғын жоқтап, мұңын айтып жүрген депутат қай жерден қателесті екен? Әлде сырқаттанып денсаулығына орай мандатын тапсырды ма? Бәлкім шырқыратып шындықты айтқаны Үкіметке жақпады ма екен? Бұл туралы ештеңе айта алмаймыз. Білетініміз қызметінен кеткені ғана.

Депутат Танашеваның орынтағын босатқаны жөнінде әуелі Орталық сайлау комиссиясы ақпарат таратты.  Қазақстан Халық партиясы бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысының негізінде Гаухар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын, – делінген комиссия қаулысында.

Еске салайық, мәжілісмен Гаухар Танашева 2024 жылы 25 желтоқсанда, яғни былтыр өзі қатысқан Парламент Мәжілісінің соңғы отырысында «халқын аямайтын Үкіметтен тұратын мемлекетпіз, бұл тактиканы өзгертпей, дамыған мемлекеттердің қатарына кірмейміз» деп мәлімдеген еді. Ол аз десеңіз, «Адамдар өмір сүру үшін күрес пен тұрақсыздық режимінде балаларды қалай тамақтандырамын, қарызды қалай жабамын деген қорқынышпен жүр. Өйткені халықтың 80 пайызы несие алып өмір сүріп жатырмыз. Мұндай жағдайда балаларды қандай патриот қылып өсіреміз?» – деген еді Танашева.

Бізге белгілі болғаны, күні кеше  әріптесі Асылбек Нұралин Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сай депутат болып тіркелді. 

Мәжіліс қатарына қосылған жаңа депутат, «ҚХП» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі  Асылбек Нұралин палатаның пленарлы отырысында ант берді.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

 

17.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 173
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 115
ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 65
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 118
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 67

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14385
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13178
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16458
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15345
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20396