Мейірбике – мейірім мен жанашырлық иесі

Мейірбике –   мейірім мен   жанашырлық иесі

Мейірбике – адам денсаулығын сақтаудағы ең маңызды мамандықтардың бірі. Олар науқастарға тек медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, жылы сөздерімен, қамқорлықтарымен және жанашырлықтарымен демеу болады.Ж. Бектұров атындағы жалпы білім беретін 3 орта мектебінің мейірбикесі – Макашева Алтыншаш Баязиқызы. Еңбек жолын медицинаға арнап, қызмет етіп жүрген мейірбике.Әр қызметкерге, әр оқушыға ерекше көңіл бөліп, адал қызмет атқарып жүрген жан.

Сізге өз ісіңізге деген адалдығыңыз, жауапкершілігіңіз бен мейірімділігіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Күн сайын адамдардың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп, әр науқасқа ерекше көңіл бөліп келесіз. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен адамгершілік қасиеттеріңіз көптеген жандарға үміт пен сенім сыйлайды.

Мейірбике мамандығы үлкен төзімділікті, сабырлылықты және жанашырлықты талап етеді. Осындай қасиеттерді бойыңызға жинақтап, өз ісіңізді абыроймен атқарып жүргеніңіз үшін зор ризашылығымды білдіреміз.

«Ақ халатты абзал жан,

Жақсылыққа толы жан.

Науқасқа үміт сыйлайтын,

Мейірбике – асыл жан».

Еңбегіңіз әрдайым еленіп, құрметке бөлене беріңіз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға табыс тілеймін. Ақ халатыңыздың абыройы асқақтап, адам өміріне сыйлаған шапағатыңыз өзіңізге жақсылық болып оралсын!

 

Ж. Бектұров атындағы №3 жалпы 

білім беретін мектептің ұжымы

19.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25904
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25353
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42757
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38587
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43151