Мемлекет басшысының Түркияға сапары жайлы

Мемлекет басшысының Түркияға сапары жайлы

 

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы алғашқы мемлекеттік сапарын Түркия елінен бастады. Мемлекеттік сапар - Қазақстан Республикасы Президентiнiң шетелдiк сапарларының ішінде айрықша жоғары деңгейге ие. 

 

Осы орайда Президенттің мұндай деңгейдегі сапарын Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас Түркия елінен бастауы ерекше символды мағынасы бар. 

 

Мемлекет басшысы ұшақтан түскен бойда заманауи Түркия мемлекетінің негізін қалаушы Ататүріктің мемориалына барып, ұлы қайраткердің бейітіне зиярат жасады. 

 

Кейін Президент Түркия басшының сарайына бет алды. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған ерекше салтанатпен қарсы алды. Қазақстан делегациясы бауырлас елдерге тән қарым-қатынасты түрік ұлтының әрбір ісінен, сөзінен, әрекетінен сезінді. Президент Қ.Тоқаев Түркияның тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған ел екенін айтып, бауырлас, туыстас, достас елдің бұл қадамын қазақ халқы ешқашан ұмытпайтынын жеткізді. 

 

Бұл жолғы сапардың мазмұны мен мағынасы екі ел үшін де ерекше. Келіссөздер нәтижесінде 14 маңызды құжатқа қол қойылды. Олар әскери, сауда, мәдениет, экономика және басқа да салаларын қамтиды. Мысалы, Қазақстан мен Түркия ANKA ұшқышсыз барлау аппараттарын бірлесіп өндіруге келісті - Қазақстан мұндай келісімге қол жеткізген алғашқы ел. 

 

Сапардың екінші күні Президент Түркияның ірі бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлерді қандай сұрақ мазалайтынын сұрады. Ашық әңгіме барысында көптеген проблема көтеріліп, президент оларды жүйелі түрде шешуге тапсырма берді. Жасалған келісімшарттардың толық орындалуын өзінің жеке бақылауында болатынын айтып, түрік бауырларды Қазақстанға инвестиция құюға шақырды. Кездесулердің нәтижесінде құны 1 миллиард доллар болатын 30 коммерциялық келісімшартқа қол қойылды. 

 

Бизнестің дамуы, инвестициялардың келуі саяси жүйенің ашықтығы мен тұрақтылығына байланысты. Президент осы мақсаттағы реформаларға тоқталып:  «Бесінші маусымда жалпыхалықтық референдум өткізілетін болды. Конституциямыздың 33 бабына түзетулер енгізіледі. Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын», - деді. 

 

Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысына арналған әр сөзін "бауырым" деп бастап, сөз жүзінде емес, іс жүзінде Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуін жалғастыра беретінін айтты. “Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы, тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін біз жауапкершілік алуға дайын екенімізді тағы бір рет атап көрсетемін”- деді. 

 

Мемлекет басшының екі күнге созылған Түркияға сапары осындай бауырластық, тілектестік, достық мазмұнда өтті. Ең бастысы, жемісті өтті. Себебі, мұндай кеңейтілген стратегиялық әріптестікке бұрын-соңды қол жеткізілмеген еді. Яғни, тек сөз жүзінде емес, нақты құжат арқылы стратегиялық әріптестік бекітілді. 

 

Айтпақшы, ел президенттері үстел теннисінің кезекті партиясын осы күзде Қазақстанда жалғастыруға келісті.

Руслан Желдібаевтің ФБ парақшасынан
11.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 86
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 120
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 120
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 86
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 230
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 234
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 447
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 409

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9108
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8505
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11734
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9500
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10714