Мемлекеттік кірістер басқармасының құрылғанына 10 жыл толуына орай Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Әмірханов мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерін қабылдады.
Іс-шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Әмірханов бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Атап айтқанда - Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Омарова Насима Жинакбаевна “ауданға сіңірген еңбегі үшін” төс белгісімен марапатталса, Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілер төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Пойызбек Мағауия Маратханұлы және Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу,талдау,құқықтық және жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Тұрсынәлі Әділет Асхатұлы Мойынқұм ауданы әкімінің алғыс хатына ие болды.
Аудан басшысы сала қызметкерлеріне ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін рахмет айтып, алдағы уақытта отбасыларына амандық, жұмыстарына сәттілік тіледі.