Мемлекеттік қызметшілер қалай дайындалады?

Мемлекеттік қызметшілер қалай дайындалады?

Ел Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуы мен білім алуына жауапты бірегей оқу орны. Екі жыл бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген еді. Бұл тұжырымдаманың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде аталған академияның облыс бойынша филиалының директоры Рауан Садырқұлов сервистік мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруда мемлекеттік аппаратты білікті әрі тиімділігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету өте маңызды екенін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру жолында тиімсіз мемлекеттік қызметшілерден арылу, мемлекеттік қызметті қайта жаңғырту бойынша тиісті тапсырма берді. Соның негізінде академияның оқу бағдарламалары да қайта жасақталып отырады. Осы жылдың 3 сәуірінен бастап академияға оқуға қабылдау науқаны басталды. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау онлайн форматта өтеді. Жаңа оқу жылына академия 8 магистрлік және 3 докторлық бағдарлама әзірледі. Жыл сайын академия мемлекеттік тапсырыс негізінде магистратураға 120 және докторантураға 12 грантқа құжат қабылдайды, – деген Рауан Нұрғалиұлы биыл енгізілген басты өзгерістерге де тоқталып өтті.

Айтуынша, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде академияда B+ (GPA 3,33) мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітіргендер оқуын тәмамдағаннан кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.

Сонымен қатар, бұрын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған тұлғалар академияда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу мүмкіндігіне ие. Атап өтейік, үміткерлердің магистратураға түсуі үшін кемінде 2 жыл, ал докторантураға 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.

Қайрат ӘБСАМАТ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.
25.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 28
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 15
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9035
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8431
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11659
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9414
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10640